Беу, балалық, келсеңші маған оралып

Беу, балалық, келсеңші маған оралып
жеке
блог

Ойда-жоқта көзім мына суретке түсті. Еріксіз есіме сол күндерді түсірдім. "Пешеходы" деп бастап, секіріп, санауды үйренген едік қой. Секіре алмайтын қыздарға өзіңше үлгі болатынсың. Біздің секіргенімізді көрген ер балалар да сол "резинка" ойнауға ұмтылатын. Байқұстар секіре алмай жүретін. Ал қыздар ыңғайлы аяқ киім киіп, олардан озып кететін еді. Иә, қайда екен сол күндер? Қазіргі балалар "резинка" ойнау түгілі, далаға шығып ойнамайды. Бар назары жаңа технологияларда.

Мен сол балалықты сағынамын. Резинка, скакалка, обруч, скейтімді еске алсам, жүрегім шым етеді. Түннің бір уағына дейін "Ақсерек, көксерек" деуден шаршамайтын едік.