Онлайн жұмыс істеймін деп, онлайн қылмыстың құрбанына айналмаңыз.

Онлайн жұмыс істеймін деп, онлайн қылмыстың құрбанына айналмаңыз.
жеке
блог

Арандатушылардың ең көп пайдаланатын әдісінің тағы бір түрі, карантин уақытында интернетте ақша табуды үйретудің әдісі. “Instagram-да танымал блогердің “күніне 15 мың теңгеге дейін ақша табуға көмектесеміз” деген жазбасына сеніп қалған Аида қолындағы ақшасынан қағылды. 


Ата-анама көмектесіп ақша табамын деген бойжеткен сайттардың біріне тіркелу үшін анасынан ақша алып, бірден сұраған нөмірге жібере салған. Алайда ақшаны сұратқандар оған жалған сайттардың сілтемесін жіберген. Енді, не ақшасы, не жұмысы жоқ бойжеткен аузы күйгенін кейін түсінді.


— " Мен, қалай алданып қалғанымды өзім де білмеймін. Бар ойым ақша тауып, ата-анама бір тиын болса да көмектесу болды. Анамнан 15000  теңге төлесем, күшті жұмысқа тұрғалы жатырмын,- деп сұрап алып енді не ақша жоқ, не жұмыс жоқ. Анам “өтірік шығар, сенбе” дегенде, тыңдау керек еді. Басқалар мұндай арандатушылыққа алданып қалмаса екен деймін, себебі, әлеуметтік желіде осындай хабарламалар самсап кетті ғой." — дейді Шымкент қаласының тұрғыны.


Осылайша дабыл қаққан студент қыз әлеуметтік желідегі әр жазбаға сене бермеуге шақырды.


Мұндай алаяқтықтың түрі “кибернетика” деп аталады. Бұл 

дегеніміз негізінен көрсетілмеген қызметтер үшін алынатын азғантай қаржылық қылмыс. Бүгінде ұтыс, оңай жолмен пайдаға кенелу немесе жеңілдетілген қызмет түрлері жөнінде келетін хабарламалар қаптап кетті. Ондағы алаяқтардың мақсаты адамдарды алдап-арбап, қалтасын қағу. Мәселен, жыл басынан бері жасалған қылмыстың тек 10 пайызы ашылған, яғни, шабуыл жасағалған  10 адамның тек біреуіне ғана көмек көрсетіліп үлгерген.  Сонымен қоса, бүгінде мамандар 700 мыңға тарта жалған сайт парақшараларына кірмек болып талпынған  ел азаматтарын уақытында тоқтатып үлгерген.. 


Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқауіпсіздік жөніндегі ғаламдық индексінде Ресей Федерациясы 26-шы орынды иеленсе Қазақстан 40-шы орынға шығып, екінші орынға ие болып отыр. Айта кету керек, өткен жылы біздің еліміз 82 орында болған еді.

 


Дегенмен, кейінгі жылдары қазақстандық банктер қылмыстық пиғылдағы кибершабуылдардан қатты зардап шекті. Солардың қатарында интернеттегі банктік. есепшоттарға бағытталған фишингтік (жеке есепшоттардан құпия деректерді ұрлауға арналған «спам» хабарламалар ) шабуылдар бар.


Касперскийдің сөзінше, Қазақстан мобильдік троян-бопсалаушылар мен майнерлердің шабуылына ұшыраған қолданушылар  саны жағынан әлемде бірінші ондыққа кіреді.


Ақпараттық қауіпсіздік бойынша өткен жылы Қазақстанда 20 мыңнан астам хакерлік шабуыл тіркелген. KZ-CERT қызметіне азаматтар vishing, зиянды бағдарламалық жасақтама, бұзу, ақаулар мен ботнеттер оқиғалары бойынша жиі жүгінеді. 


Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, елімізде 48 миллионнан астам төлем картасы бар. Бұл онлайн сауда артқанының көрінісі. Бірақ, тұрғындар сақ болмаса, алаяқтардың оңай олжаға батқаны батқан. Мәселен, қаңтар айында «Алаяқтық» бойынша келтірілген шығын 1,8 млрд теңгеден асқан.


Ай сайын отандық түрлі мекемелердің сайттарына 100 мыңға жуық хакерлік шабуыл жасалады. Бұл туралы Астанада өткен әлемдік IT саласының мамандары жиынында айтылды. Қазір жеке тұлғалар мен ірілі - ұсқаты компаниялар кибер шабуылға жиі ұшырайды. Жалпы соңғы 5 жылда кибер сақтандырудың әлемдік нарығы 20 млрд долларға жеткен. Елімізде компаниялардың тең жартысында IT маман тапшы. Мамандардың айтуынша халық санына шаққанда тек  жүз адамның он бесінде ғана киберқауіпсіздікке қатысты арнайы білім бар көрінеді. Сондықтан, ІТ мамандар бұл жүйе бізге ену үшін әлі 2 жыл кететінін айтып отыр.


Сонымен бірге ақпапаттық қауіпсіздік басқармасының өкілдері  ақпараттық технологиялар заманында әрбір азаматтың да сауаттылығы артуы тиіс екендігінде атап өтті.


Заң не дейді???


Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысы.

Алдау бөтен мүлікті жымқырумен байланысты басқа қылмысты жасауды жеңілдету үшін пайдаланып, бірақ оны жасау барысында ол адамның әрекеттері меншік иесіне немесе сол мүліктің өзге де иесіне белгілі болып қалғанын біле тұра, оның иесінің еркінен тыс бөтен мүлікті заңсыз ұстауды жалғастырса, жасалған әрекетті (мәселен, адам ұялы телефонды иесінен қоңырау салуға сұрап алып, оны алған бойда иесінің көзінше қашып кеткен жағдайларда) тонау деп саралаған жөн, делінген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде.


Қо­ғамдық пікір және нарықты кәсіби зерт­теушілердің қазақстандық қауымдастығының президенті Наталья Оспанова: “Интернет-индустрия өте жылдам қарқынмен дамуда, бұл сауда саласына үлкен әсер етеді. Сонымен, жаңа ғасырда әлемде жаңа бағыт пайда болды, ол – онлайн сауда. Бұл пайда табу көзі – электрондық желіні қолдана отырып, көтерме және бөлшек тауарлар мен қызметтерді сатып алу мен сатуды қамтиды. Интернеттегі бұл ақша табу түрі 1994 жылы Джеф Безостың «Кадабра» атты сайтты құруымен басталған. Бір жылдан кейін «amazon.com» деген атпен интернеттен кітап сатылады.  Осылайша әлем электронды саудамен танысты. Ал, бүгінгі күні бұл ең көп таңдалған сауда әдістерінің  қатарына енді. Интернеттегі бизнестің артықшылықтары көп. Кемшілігі де жоқ емес. Интернет сауда елімізге кеш келгендіктен ондағы ішкі тетіктердің әлі де толық дами алмағандығы тағы бар. Дей тұрғанмен, «Онлайн-саудадағы ең үлкен қауіп – алаяқтық. Әсіресе, елімізде карантин режимі  енгізілгелі барлық жұмыс тоқтағанда онлайн сауданың қарқыны дамыды. Оңтайлы сәтті пайдалана білген онлайн арбаушылар да көбейді”,- дейді.


 Сонымен қатар,арандатушылардың  арбауына түскен қарапайым халыққа мәселені шешудің біршама жолдарын айтып, өз ақыл-кеңесімен бөлісті: “Ондай жағдайда, ең дұрысы заңға жүгіне отырып, оқиғаны түбе-шүбесіне дейін баяндап, арыз жазған дұрыс. Бұл өте үлкен шыдамдылықты қажет ететін жұмыс, алайда мұндай жағдайға бейжай қарамаған жөн. Тіпті, жыл кетуі мүмкін, ерінбесе, қолын бір сілтемесе,нәтижеге қол жеткізуге болады. Сот процесі тым ұзақ десе, БАҚ-қа жүгінсін. Қазір не көп, түрлі ток-шоулар көп, өзі оқиғасын баяндап берсе журналисттер өздері-ақ іліп әкетіп оқиғаны қолға алады. Бізде халық көп нәрсеге көз жұма қарайды, олай болмайды. Бір-бірімізге жанашыр болуымыз керек. Ақпараттық құралдар халыққа үндеу жасайды, сосын барып мұндай келеңсіз оқиғалар жойылып кетпесе де, бұған сенбейтіндердің саны артуы мүмкін. Бір ғана мысал, ұтыс ойындардың  хабарламалар да,  ток-шоуларда олқылықтарын айтып еді, халықтыңда көзі ашыла бастады. Меніңше, алаяқтыққа тап болғандар одан еш қымсынбай әділеттік үшін күресуі тиіс.”


Интернет алаяқтардан қалай —    сақтануға болады?


KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мамандары шабуылға ұшырағандардың әлеуметтік желілерде байланыс деректерінің дербестігін сақтамағанын, сондай-ақ, байланыс деректерінің еркін таралып кеткенін айтып отыр.


"Мәселен, сіз белгілі бір зат не тауарды сату туралы хабарландыруды интернетте орналастырдыңыз делік. Алаяқтар сізге хабарласып, оны сатып алу жөнінде келіседі және сіздің банктік картаңызға тауарға ақша аудару үшін сілтеме жібереді. Одан әрі сілтеме бойынша өтіп, сіздің банк картаңыздың CVV/CVC-коды көрсетілген деректерін енгізу ұсынылады, оларды енгізген соң банк картасының шотынан ақша алынады. Осылай алаяқтар әлеуметтік инженерияның көмегімен төлем картасының мәліметін алып, қаржыға қол жеткізеді" дейді қызмет мамандары.

Осы орайда интернет алаяқтарынан сақтану үшін KZ-CERT қызметі келесі кеңестерді ұсынады:


Интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни, доменнің дұрыстығына, акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аудару керек.

Әлеуметтік желілердегі өз профиліңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон нөмірі) көпшілікке қолжетімді етпеген дұрыс. Мобильдік нөмірді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс нөмірлерін бөлу қажет, яғни, жеке нөмірді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.

Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп, көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді парольдерді қолданыңыз.

Браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларда пайда болатын түрлі терезелер мен хабарламаларға қатысты абай болыңыздар.

Банк картаңыздың деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. Сондай-ақ, банктен келіп түсетін SMS-кодты ешбір жағдайда бейтаныс жандарға хабарламаңыз.

Интернетке қол жеткізудің ашық қоғамдық Wi-Fi-нүктелеріне сенбеңіз, сонымен қатар өз аутентификациялық деректеріңізді қорғалмаған сымсыз желілер арқылы енгізбеуге тырысыңыз.

Бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз, ал егер Сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз ең жақын полиция бөліміне немесе 102 телефоны арқылы дереу жүгініңіз.

Жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банк карталарының деректерін және тағы басқа мәліметтерді қамтитын құжаттарыңыздың көшірмелері бен банк картасының суретін ешкімге жібермеңіз.

Күдікті интернет-ресурстар немесе ақшалай пайдаға үміттендіретін сілтемелер айқындалған жағдайда KZ-CERT қызметіне (1400 (тәулік бойы) нөмірі, қызмет сайты, Telegram мессенджеріндегі "ҚР ақпараттық қауіпсіздігі" тобына не жеке хабарлама жіберу арқылы) хабарлаңыз.


Осы қарапайым, алайда, тиімді қағидаларды сақтау ақшаңызды қаскүнемдерден сақтап қалуға мүмкіндік береді.