Лондоннан )))

Лондоннан )))
жеке
блог

Олимпиада дүйім дүниені дүркіретіп тұрған шақта өз басыма басқа тақырыптағы дүниелерді оқу қызықсыз болып қалды ))

Әлгі біздің Пәленше не болды екен, Түгенше нағылыпты? Жылт еткен жаңалыққа елең етіп, жақсы нәтижеге қуанып, нашар нәтижеге қамығып жатқан жайымыз бар.

Әсілі, елді әлемге танытатын екі қарудың біріншісі - мәдениет, екіншісі - спорт деп жатады ғой. Спортшылар Лондонға аттанғанда қалың халық тақымын қысып, тілеуін тілеп қалғаны рас.

Адамның мүмкіндігі шектеусіз деген осы болар, сірә. Бір адамның жеңісі соншама адамды қуанышқа бөлеп, бүкіл ұлттың мерейін тасытты. Қазақстанды Бораттың былығымен білетін ағылшындар дүр сілкініп, "Бұ қай ел? Қазақстан деген ел бар ма расымен?" десіп, туиттерге жарыса жазған көрінеді.

Бізді бүкіл әлем біледі деп бөркімізді аспанға ататынымыз қайда сонда? )) Жә-жә, жағымды жаңалық тұсында көңіл-күйді түсіретін әңгіме айтпайын. )

Мен әрқашан Нью-Йоркқа барсам деп армандаушы ем. Және егер жолым болып, Құдай қуаттаса, ол жаққа әйтеуір бір күндері баратыныма сенемін. Енді арман қаламның қатарына Лондон да қосылды ) 

И жандарым сол, Қазақстан атын әйгілей берсін :)