Табиғатты қорғай отырып өмірімізді қорғаймыз

Табиғатты қорғай отырып өмірімізді қорғаймыз
жеке
блог

Өркениеттің дамуымен бірге ерекше назар аударуды қажет ететін жаңа проблемалар пайда болды. Мұндай салдарлардың алдын алу үшін оларды уақытылы байқап, тіпті пайда болу сатысында шешу керек. Бұл өте жауапты қадам, оны бір адам емес, барлығымыз бірге, бірлесіп шешуіміз керек. Тек осылай ғана кедергіні жойып, сәтті болашаққа жетуге болады. Біз табиғатты қорғау, өсімдіктерге көңіл бөлу жайында бір рет сөз қозғаймыз, ал кейде мүлде ұмытып кетеміз. Жасалатын әрекеттер өзіңізді мадақтау үшін бір рет жасалмауы керек, әр дайым есімізде және кішкентай болсын ұдайы үлесімізді қосып отыруымыз керек. Бұл әрекеттің басты мақсаты - біздің жеріміз мүмкіндігінше өмір сүруге жарамды күйінде қалуы керек. Бұл тек қазіргі ұрпаққа ғана емес, бізден кейін өмір сүретін ұрпақтарымызға да қажет. Өсімдіктерге ерекше назар аудару керек. Өйткені, олар оттегін шығара алады, онсыз бірде-бір тірі организм өмір сүре алмайды деп мектеп жасымыздан естіп келеміз. Егер олар жоғалып кетсе, біз де жоғалып кетеміз деген сөздерді сынып жетекшіміз де қанша рет айтты. Адамзат өмірі өсімдіктерге байланысты, сондықтан оларды қорғау керек. Егер сіз басқаларға мән бермейтін өзімшіл адам болсаңыз да, сіз әлі де табиғатқа қамқорлық жасайсыз, өйткені сіздің өміріңіз оған байланысты. 

Жоғарыдағы тақырыпқа сай ой қозғап, "Автоматтандыру және басқару" мамандығының 3 курс студенттері "zoom" қосымшасымен кезекті кураторлық сағатын өткізді. Әр студент өз тұрған жерлерінің әдемі табиғат көріністерін ұсынды.