Роботтар  жайлы біз не білеміз?
жеке
блог

Роботтар жайлы біз не білеміз?

Робот адамнан командаларды қабылдай отырып біз берген тапсырмаларды орындай алады.Бір жағынан, робот бүгінгі күні өте пайдалы, өйткені олар арқылы адам өз өмірін жеңілдетеді. 

Мысалы, кір жуғыш машина - біздің заттарымызды жууға арналған бірдей робот болса, компьютерді де роботтың бір түрі деп қараған жөн. 

Менің де қызығушылғым адамдардың жұмыстарын жеңілдетіп, күнделікті өмірін бірқалыпты тірлікпен өткізуін алмастыруға жол ашу. 

 Шынында да, жаңа технологияларды адамдардың өмірін жеңілдету үшін ойлап шығарады және оларды робот деп атады. 

 

Роботтар біздің өмірімізге қалай әсер етеді?  

Осы сұрақ маған және менің достарыма өте қызық болған еді.

Ал,қазір мектептегі робототехника сабағын оқу арқылы көптеген сұрақтардың жауабын Марат ағайымызбен іздеп, түрлі қызықты мәліметтермен, ерекшеліктеріне куә болып жүрміз.

 

Робототехника сабақтарында біз не істейміз?

 Робототехника курсының көмегімен физикадағы білімді өмірде қалай пайдалануға болатынын оңай түсінуге болады. Бізге мұғаліміміз өз қызығушылығымызбен таңдау жасауға мүмкіндік береді. Әрдайым ізденіс пен талпыныстың арқасында нәтижеге жетеміз.

Атап айтсам, Атаназаров Марат ағайымыздың жетекшілігімен бүгінге дейін аудандық,облыстық деңгейдегі "Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар сайысына", "КазРоботикс" байқауында бақ сынап,жүлделі орындарды иелендік. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік пен болашаққа деген үміт.

 

 Əлемнің əр түкпірінде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Осы саланың мамандары ойға сыймайтын жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. 

Қазіргі кезде осы робототехника саласы бойынша əлемде ең үздік Жапония елі. Олардың мамандары адам орнын баса алатын толыққанды роботтарды шығарумен айналысады. Яғни, жапон роботтары адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындап, адамдарға көмекші ретінде қызмет ете алады. Үй жинап, егде кісілерге немесе балаларға күтуші болып, дүкен сатушысы ретінде сатып алушылардың сұрағына жауап бере алатын роботтар немесе ақылды техникалар .

 

Ал,еліміздегі ахуалды да осы деңгейге дейін көтеріп аянбай ізденіп, білімімізді кеңейту біз үшін міндет.Себебі еліміздің өркендеуі барлығымыз үшін маңызды!

 

Қарғабаев Бекасыл 7 сынып оқушысы

Ақтау қаласы

Ф.Оңғарсынова атындағы № 29 ЖББОМ

 

Жетекшісі: Атаназаров Марат