Қазақ эстрадасы: кеше мен бүгіні.

Қазақ эстрадасы: кеше мен бүгіні.
жеке
блог

Музыка (грек. musike, тура мағынасында «музыкалар өнері») – белгілі биіктіктердегі дыбыстардан тұратын, адамға өзінің үйлесімді ұйымдасқан сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнердің бір түрі.

Дана халқымыз –әнге ерекше баға беріп, халықтың жаны да мұңы да рухы деп білген. Бұл өте әділ баға. Өйткені, жақсы ән мен жақсы күй қай заманда, қай халықтың болса да көңіліне серік болған. Адам өмір тіршілігін ғана емес, сонымен бірге келешектен күткен, аңсаған әлеуметтік теңсіздіктерін де ән арқылы білдіріп, әнмен өрнектеген.
Қазақ халқының тарихында күрделі орын алған ұлылы-кішілі оқиғалардың қай-қайсысы болса да әннен өзінің көрінісін тапқан.

Қазақ мәдениетінің жаңаша қырларының бірі және қазіргі заман көші – эстрада саласы. Өнердің өзге түрлері секілді эстрада да мемлекет белгілеген ұлттық мәдениет саясатын ұс­­та­­натын елеулі салалардың бірі. Адамзат қоғамының даму жолдары мен тарихи кезеңдері сан жүздеген ғасырларды артқа тастағанда өнердің өзге жанрлары секілді эстраданың да өзіндік ерекше әсем әуені, көңілге қонымды қойылымдары қалыптасты.
XIX ғасырда түп тамыры алғаш көктеп, бәйшешек атқан эстрада өнері өзінің даму үдерісінде сан алуан ағымдар мен иірімдерді әкеліп, қазіргі гүлденіп жайнаудың жаңа дәуіріне жетті.

Эстрада өнері өз алдына XVIII ғасырдың соңында дербес өнер ретінде Латын Америкасында пайда болған. Эстрада – классикалық және қазіргі заманғы деген екі топтан тұрады. Оның өзін концерттік, театрлық және мерекелік деген үш бағытпен адамзат күні бүгінге дейін сәтті дамытып келеді. XVI ғасырда Италияда оперетта, буффа және көше әртістерінің еншісіне айналған бұл думанды кезінде қазақ даласы да жатсын­баған.
Сол сияқты қалың қазақтың көңілін көтеріп, думанға бөлеу міндеті сал-серілерге, ақын-жырауларға, биші-күйшілерге жүктелген. Олар өз кезегінде ойын-сауықтарын жиын-тойларда, жәрмеңке алаңдарында, бай-бағыландардың ордаларында өткізіп, халықтың жадында мәңгі сақталарлықтай артында өшпес із қалдырды. Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Уәлиқызы, Әміре Қашаубаев, секілді халық арасынан шыққан әнші, сазгерлер мен балуандар осы жәрмеңкелерде өзін көрсеткен.
1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардың бастапқы кезінен әлем эстрада өнерінде елеулі бетбұрыс жасалды. 1960-жылдың басында Эльвис Пресли эстрада әуеніне өзгеріс әкеліп, Роккен Ролл жанрының пайда болуына түрткі болса, одан кейін танымал болған «Битлз» тобы поп сти­лін қалыптастырып, әлем эстра­дасында өшпес із қалдырды.

Осылайша, адамзаттың рухани өміріне дендеп еніп, би, сазды әуен, ән, цирк, драма, әдебиет жанрларын өн бойына сіңірген ірі театр деңгейіне көтерілген, кейін мюзикхолл дәрежесіндегі де