Қайсысы дұрыс?....

Қайсысы дұрыс?....
жеке
блог

"Өмірде мамандық пен жар таңдау қиын" дейтін сөз бар гой.. Сол сөздердің мәнісін енді ғана түсінгендеймін. алдымда мамандық таңдау тұр. Кайсысын таңдарымды білмей басым қатты. Ата-анама грантқа оқуға түскенім керек, әрине оны мен де қалаймын, бірақ грантқа қалайда түсуім керек екен деп ұнамайтын мамандық таңдауға тағы болмайды ғой..

Таңдаған пәнім - география. ал географияның мамандықтарына грант аз. соны біле таңдадым ғой. Ол кезде алтын белгімді ақтаймын, сол кезде грантқа түсу оңай болады деп ойлағам.. Қазір жағдай басқа: алтын ақтай алмай қиналып отырған жайым бар. Қазақстан тарихынан 2 балл жетпей қалды. Өзімнің де тарихты оқығым келмейтін, соған қарамастан алтынды ақтаймын деп ойлайтынмын..

  Өзім әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің мемлекеттік және жергілікті басқаруында оқығым келген.. әлі де оқығым келеді грантта.. Үмітімді үзер емеспін, балым жетпейтінін білсем де. 113 балл алдым, орыс тілді алғанда 90. ертең 4 мамандық таңдауым керек. ата-анама салмақ салмай грантқа түсу жолын таңдайын ба, әлде армандаған оқуым мен универді жазсам бекен?...