Мұнайлы қала Атырау

Мұнайлы қала Атырау
жеке
блог
  1. Дайындаған: Бақтыгереева Жаннұр Нұрболатқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті
Жетекшісі: Қозыбақова Ф.А. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры


Менің туып-өскен қалам Атырау қаласы. Атырау қаласы Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан.
Атырау қаласы салынғаннан кейін балық шаруашылығы мен мұнай өндіру саласы қарқынды дами бастады. Уақыт өте келе бұл салалар қаланың ғана емес, күллі елдің ірі салаларына айналды.
Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа, әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі, ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсібін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды.
Атырау облысының мәдени өмірі бай және мәнді болып келеді. М.Өтемісов атындағы драма театры, Н.Жантурин атындағы облыстық филармония, әйгілі Д.Нүрпейісова атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, тарихи-өлкетану мұражайы, жасанды-қолданбалы өнер мұражайы бар. Сондай-ақ, мұнда мұнай өнеркәсібінің жобалау институты, университет, драма театры, филармония, орта арнаулы оқу орындары, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, кітапханалар, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақ үйлер, бала бақшалары, медициналық мекемелер жұмыс істейді.
Әсіресе маған қатты ұнайтыны қаладағы «Исатай - Махамбет» алаңы. Онда халықтың демалуы үшін жағдай жасалған. «Исатай- Махамбет» алаңында мейрам сайын мерекелік шаралар өткізіледі.Ат үстіндегі екі батыр бабамыз бізді емін-еркін ойнасын,көңіл көтерсін дегендей қасқайып тұрады.Махамбет бабамның отты жырлары әдемі тастарда жазулы. ...Найзағайлы жырындай бар ғұмыры
Махамбет, ол халқымның аспанында
алаулы таңғы нұры.
Махамбеттің сөйлеуі басқа тілде –
наркескеннің жарқыл мен жаңғырығы…

Бұл Ф.Оңғарсынованың Махамбет жырларын басқа тілге аударуға қарсылығы емес, аудармашыға ой тастағаны "Наркескеннің жарқыл мен жаңғырығына” теңдес Махамбет үнін түсінуге, "семсер өнерді” шын ұғуға, өжет жырлардың "бойлатпас заңдылықтарын”терең бағамдауға талпындырады. Алаңға шыққан сайын оқи жүріп, жаттап алдым.Қасымдағы достарыммен жарыса айтамыз.Махамбет бабамның жырлары көкірегіме батырлық сезімін ұялатады.Менің көкірегімді мақтаныш сезімі билеп, мен алмас қылыштай өткір жырлары бар Махамбеттің ұрпағымын деп айқайлағым келеді.Көшенің қақ ортасында тұрғаным есіме түсіп,өзімді жинап ала қоямын.Бұл алаңдағы әдемі гүлдер мен су бұрқағы да көрік беріп тұр. Осы алаңның қасында «Иманғали» мешіті бар. Ол екі қабаттан тұрады, екі үлкен зал: бес уақыт намаз оқитын зал, ерлер мен әйелдер намаз оқитын зал және Құран оқитын бөлме, медресе, кітапхана, ерлер мен әйелдер үшін таһарат алатын бөлмелер бар.Алаңның артында Орыс шіркеуі – Успен соборы Тайманов көшесі бойында,Гагарин көшесінің бұрышында орналасқан.Менің мектебіме қарай жүргенде халқымыздың біртуар ұлы академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші бар. Бұл жерде де су бұрқағы мен отыратын орындары мен алаң бар.
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің ару қалам,жанға сая болған мекенім Атырау!