Студенттерге жатақхана салыну керек

Студенттерге жатақхана салыну керек
жеке
блог

Алғаш арман қуып Алматыға келгенде үй-жайымызды ойлау ойда болмаған еді. Сонда ата-анамыз жолымызға деп берген азғана ақшамен еш алаңсыз қалаға аттанып кете барған едік. Сонда албырт жастыңтың жетегенде кеткен біздің арманымыз жоғары оқу орнына түсіп ата-анамызды қуантсақ деген бір арман бір үміт еді.

Иә, Алматыға келген соң жатаханада орын болмай біраз уақыт пәтер жалдап тұруға тура келді. Қаншама орыс-оймауыттың есігінді пәтер жалдап тұрып, жеке бір үйдің болғанын арман еттік десеңші. Өз үйім, өлең төсегім-демекші, тоқымдай жер болса өз үйіңнің болғанына не жетсін-деп арман еттік. Ол кезде пәтер берушілердің басым көбі орыс пен өзге ұлттың адамдары болды. Алматыдағы "Жетім бұрыш" - деп атау алған әйгілі жерге барып талай рет пәтер іздеп қайтқаным есімнен кетпейді. Сонда қаншама қазақ жастарының жатаханаға мен сияқты мұқтаж болып қаңғып жүргенін көріп қабырғам қарсы айыралатын. Өз жерімізде неге біз жетімнің күйін кешеміз?. Неге қазақтар ғана далада қаңғып жүруі керек? -деген ой, ашу- ыза ішімнен атойлап шығатын. Кейін жатахана алып студенттік балдәурен шақтарды өткіздік. Сол кезде де жекеменшік өз үйіңнің болуын армандап қана қоюшы едік.

Еңбек жолымды бастап есейген шақта Қазақстан Ұлттық арнасының жатаханасынан сол кезде Қаз ТРК директоры аты әйгілі жазушы Шерхан Мұртазаның қолдау көмегімен жеке бір бөлме алып,төбем көкке жеткендей қуанғаным әлі есімнен кетпейді. Сонда қуықтай бөлмем мен үшін хан сарайындай көрініп тұратын. Ұзын сөздің қысқасы жатақхананың әсіресе қазақ жастар үшін қаншалықты маңызы зор екенін басынан өткергендер ғана жақсы біледі.

Мен жатар-жайдың, жатахана азабын тартқан жанның бірі ретінде жуырдағы ақпарат желісінде Абай атындағы ҚазҰПУ жатақхана салу туралы жұмысына тұсау салмақшы болған жандарға жанып күйіп өз ойымды тарқатқым келіп отыр. Ия, қаладағы Орталық саябақ қала тұрғындары үшін орны ерек демалыс орны. Кезінде, Спартак атанған тозығы жеткен көне стадионның жаңа заман талабына сай құрылысын жасап, қазақша Мұхтар Әуезов атындағы стадион деп жаңа атау берген Абай атындағы Қаз ҰПУ ректоры Тахир Оспанұлы Балықбаевтың батыл қадамына қазақ деп жүрегі соққан, ұлтжанды қала тұрғындарының алғысы шексіз деп білемін. Бұл біріншіден, ал екінші, қаншама студенттердің қамын ойлап, жағдай жасауды ой түйсігіне алып, жатахана салу мәселесін қолға алып жатқан айтулы оқу орнының басшылығына риза болмасқа амал жоқ.

Жақсы басталар істерге көлденең кедергілер қашаннан алдан шығатына мәлім. Міне, жас студенттер үшін жатахана тұрғызу жолында өз илегіне тиеслелі жерден Қаз ҰПУ басшылғы жұмысын бастауға белсене кіріскен кезде, әдеттегідей көлденең кедергі болып сол маңда тұратын тұрғындар шығып отыр екен. Иттерін қыдыртып, дәреті мен қоқсын тастатып қыдыртып жүргендеріне мәз, төртжағы түгел тұрғындар, ауылдан келіп оқып жатқан студенттерге жатахана салуға ерсілі-қарсы қол жинап жатыр. Бұл не деген сұмдық. Сонда олардың иттерін қыдыртып жүретін арнайы демалыс орны болу керек екен. Ал, бірде аш,бірде тоқ жасөспірім студенттердің жатақхана іздеп, пәтер жалдап қаңғып жүруі еш алаңдатпайтын көрінеді. Әрине, басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ деген сияқты. Менің айтпағым, жастар біздің болшағымыз-десек, сол жастарға жағдай туғызу бүгінгі күннің басты мәселесі деп ойлаймын.

Жатақхана азабын көрген бір адам ретінде оны мен жақсы білемін. Сондықтан да Абай атындағы ҚазҰПУ игілікті бастамасына ақ жол тілеймін. Сіздердің бастамаларыңыз дұрыс бағытта. Қала басшылығы да бірауыздан қолдайды деген ойдамын. Сонымен бірге барша халықтан зор қолдау табатындарыңызға нық сенімдемін. Аққа құдай жақ деген. Өйткені, жатахана мәселісі ол жас студет жастар үшін әрқашанда өзекті. Сондықтанда бұл мәселе оң шешімін тауып, көптеген жастарымыз су жаңа жатахандан орын алып, қуанып қалар деген үміттті арқау етеміз.


Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ