"Айығып келем"

Мұқағали Мақатаев әр заман халқын өзінің шығармаларымен таң қалдыратын лирик ақын. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағали, азан шақырып қойған аты Мұхаметқали, әлі күнге дейін өлеңдері жас азаматтардан үлкен кісілерге дейінгі адамдардың жүрегін жаулап алады. Себебі, ол әр өлеңіне өзінің сезімін, шынайы көңілін арнайды.

Біздің Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасында Мұқағали Мақатаевқа арналған ашық сабақ өтті. Студенттер Мұқағалидың өлеңдерін мәнерлеп оқып, мағынасын тереңнен ашып, талқылады. Мен өзім Мұқағалидың «Айығып келем» атты өлеңін мысалға келтіре, өз ойымды ашып айта кетейін.

Айығып келем, айығып келем бәрінен.

Емделіп жүрмін, жақсылар берген дәрімен.

Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең,

Кеңістіктерге сапарға шығам әлі мен.

Сауығып келем, жинап та келем есімді.

Сағынып қалдым, саламат өмір кешуді.

Тағат таппастан, тартамын алға көшімді,

Жанып бітпестен жазбаған маған өшуді.

Қиын ғой

Қиын...көшіңді жолға доғарған,

Жана алмай бықсып, ошақта отың жоғалған,

Жаға алмай сөнсең жалын мен отты -

Сол арман, жалындап тұрып,

Өртеніп кетсең, жоқ арман!

Менің бұл өлеңді таңдаған себебім, қазіргі тым тез дамып жатқан халыққа өмір кейде өте тар болып көрінеді немесе қиыншылықтар көбейіп өзін жоғалтып алады. Бұл өлең осы жағдайды айыққан адам күйінде сипаттайды. Яғни, адам мүмкін сырт келбетінде жарақаттанбаса да, ол моральды түрде айығуы мүмкін, өзін жоғалтып алуы мүмкін және бірнеше күн бұрын жалындап тұрған қалпын жоғалтып армандарын ұмытуы мүмкін дейді.

Қорытындылай келе, адам қанша өмірде қиыншылық көрсе де ешқашан өзінің арманын ұмытпау керек және балалық сезімдерін. Себебі осы екі күй адамға бақыт және нұр алып келеді деп ойлаймын. Адам өмірді ешқандай міндетсіз өмір сүруі қажет деп санаймын, себебі "Өртеніп кетсең, жоқ арман!"



Бөлісу: