ҚазҰУ – кемел білім ордасы
жеке
блог

ҚазҰУ – кемел білім ордасы

           Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім саласында көпжылдық тәжірибесі, тұнып тұрған тарихы бар, елімізбен қатар шет елдерінде де беделді орынға ие танымал бірден-бір білім және ғылым ордасы. Университет өзінің таңғажайып көрінісімен, әсем табиғатымен әлемді таңдандырған Алматы қаласында орналасқан. ҚазҰУ – әлем мақтанышы десек қателеспейміз. Оған бірден-бір себеп Қазақстан бойынша ең бірінші болып мемлекеттік атттестациядан өтіп, барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім беру құқығына ие болуы. Қазіргі таңда университетіміз тек қана болашаққа ұмтылуда. ҚазҰУ-дың алдына қойған мақсаттарының бірі – дүниежүзінің алдыңғы қатарлы ғылыми инновациялық 150 жоғарғы оқу орнындарының қатарына ену.

           ҚазҰУ өз бастауын сонау 1934 жылдың 15 қаңтарынан алады. 2019 жылы университеттің 85 жылдығы тойланған болатын. Ең бірінші ҚазҰУ биология және физико-математика факультеттерінен ғана тұрып, не бары 54 студент, 25 педагог құрамынан тұрса, қазіргі таңда еліміздегі жастарға арман болған 16 факультет, саны 20 мыңға таяу студенттер және де 14 студенттер үйімен, 2000-ға жуық педагогтар ұжымымен, соның ішінде ғылым кандидаты, философия докторлары, профессорлармен қамтылған. Қазір ҚазҰУ дүние жүзі бойынша Оңтүстік Корея, Қытай секілді дамыған мемлекеттердің 300-ден аса университеттерімен халықаралық қатынасқа түсіп, серіктестікті дамытуда. Бұл университет кез-келген студенттің армандарын орындап, биіктерді бағындырып, белестерге жеткізетін ғажайып мүмкін беруші білім ордасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков, Олжас Сүлейменов және тағы басқа да еліміздің еңбек сіңірген данышпандары білім алған. ҚазҰУ атының өзі жүректе сенім мен тыныштық сезімін ұялатады. Оған бірден бір себеп – отандық университеттердің ұлттық рейтингісінің көшбасшысы болуы және QS халықаралық рейтингісінде 800 топ унивеситеттер тізімінде 220 орынды иеленуі. Оған қоса, Қазақстан Республикасындағы үздік университтер арасында бірінші орынды иеленіп, көсбасшы атанды.

           Студенттер мұнда жай ғана білім алып қана қоймай, оған қоса ғылыми, рухани-тәрбиелік жағынан, мәдениет пен инновациялық тұрғыда білімдерін толықтырып, ауқымды өмірлік тәжірибе алады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келген жастар ешбір өкінбейді. Қайта студенттер бос уақыттарын ҚазҰУ аллеясында серуендеп, фудкорттарда тамақтанып, спорт кешендерінде сүйікті спорт түрлерімен шұғылданып, керекті мәліметтерін тегін кітапханалар мен интернет-орталықтарында тауып, білімдерін жетілдіре алады. Сонымен қатар, Алматының үлкен бөлігін алып жатқан ҚазҰУ қалашығында көптеген жаңа нысандар салынған. Осындай ерекше мүмкіндікке Қазақстанның және шет елдердің студенттері ие бола алады.  Студенттік өмірдің кепілі – жатақхана деп сенемін. Жағдайы жасалған студенттер үйі еліміздің сан түрлі түпкірлерінен келген студенттерге қолдау көрсетіп, еш уайым-қайғысыз, артық затқа алаңдамай, қойған мақсаттарын жүзеге асыруға жол ашады.

           Біздің университет жоғарғы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, Қазақ ұлттық университетінің даңқын әлемге одан әрі паш ететін азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп жатқанына кәміл сенімдімін. ҚазҰУ түлектері әлемнің қыр-сырын ашып, елімізді жарқын да ашық болашаққа жетелейді деп нық сеніммен айта аламын. Білім мен ғылым салаларында алған кәсіби тәжірибелері негізінде әлі де әлемді таң қалдыратын талай жаңалықтар ашып, университетіміздің туын көкке жеткізеді деп санаймын. Себебі, ҚазҰУ – кемелдікке жеткізетін білім және ғылым ордасы.

           

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті,

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының

“Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығының 1-курс магистранты Г.Б.Сейтағазам,

 

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының доцент м.а.,

PhD докторы Таубаев Жарас Турысбекович