АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН УНИВЕРСИТЕТ

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН УНИВЕРСИТЕТ
жеке
блог

                                     АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН УНИВЕРСИТЕТ
Жоғарғы оқу орны – жастардың жеке тұлға және маман ретінде дамуында үлкен рөл атқарады. Сондықтан, әрбір жас түлектің мақсаты ЕҢ ҮЗДІК университетті таңдау. Еліміздің ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. ҚазҰУ – 1934 жылы 13 қарашада ҚР БКП (б) аудандық комитеті бюросының қаулысымен ұйымдастырылған республикамыздағы алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі. Осы ұзақ және қиын кезеңде университет тек даму жолында болып, аяғына нық тұрды. Ел үшін өте қиын жылдардың нәтижесінде жоғары оқу орны өзінің өміршеңдігі мен ұтқырлығын дәлелдеді. Өзінің 86 жылдық ғұмыры ішінде университет Қазақстан экономикасының,саяси және құқықтық өмірінің, мәдениетнің, ғылымы мен білімінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты және еліміздің барлық жоғары білім беру жүйеснің тірегіне айналды. Ол бүгінгі күнге дейін жоғары білікті кадрлар ұстаханасы, республиканың негізгі зерттеу орталықтарының бірі болып табылады.
ҚазҰУ-дың мыңдаған түлектері Қазақстанда және шет елдерде барлық қызмет салаларында табысты жұмыс жасауда. Университет ерекше мәртебесі бар жетекші қазақстандық классикалық университет. ҚР Президентінің «Сапа саласындағы нәтижелері үшін» бірінші жоғарғы оқу орындары арасындағы сыйлығының иегері. Q u a c q u a r e l l I S y m o n d s (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеуіне сәйкес, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламаларының ішіндегі 200 озық университеттердің ішінде 165-ші орында. Университте еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ жақын шет елдерден 20000-нан астам студент білім алуда. Әл-Фараби атындағы Қазақстанның ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлар, магистр мен доктаранттарды дайындайды. Бұл жайлы толық ақпарат www.kaznu.kz сайтында.
Жалпы, ҚазҰУ – еліміздің жоғары білімінің нағыз бренді,сөзсіз флагманы. ҚазҰУ – да білім алудың басты ерекшелігі – бұл жекен және кәсіби даму үшін маңызды болып келетінбірегей академиялық орта. «Academy Ranking of World Universities-European Standard» беделді еуропалық рейтингінің зерттеу нәтижелері бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «АА+» жоғыры рейтингіне ие болды және жетекші еуропалық университеттер қатарына кірді. Сонымен қатар, әлем университтері арасында біздің ҚазҰУ 207 орынды иеленді, бұл үлкен жетістік. Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылай келе, біз ҚазҰУ – Қазақстанның аты аңызға айналған университеті деп нық сеніммен айта аламыз. ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да оқып жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.
Есрікеп Балжан
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар мамандығының 1 курс студенті Тунгатова.У.А жетекшісі