Отпусктің күлі көкке ұшпасын десеңіз...

Отпусктің күлі көкке ұшпасын десеңіз...
жеке
блог

Қысқасы, отпускіге шықтым.

«Болды, үш айлық каникулы бар мектеп те, студенттік өмір де бітті» дегенбіз ғой. Қайда... Қабырғам қысылып бара жатқандай боп осы еңбек демалысымды қайта-қайта сұрап әрең шыққан жайым бар. Дүйсенбі күні 11-ге дейін ұйықтау деген бақыт бұйырады екен ғой мына біз сияқты «смертныйлерге»... Тәәәк, содан дейсіз ғой? Содан сол, 11-ден кейінгі өмір түс көріп жүргендей өтті. Дүйсенбіде детектеп әрлі-берлі «Mega» дегеннің ішінде жүгіріп жүрген қай жындыны көріп едіңіз? Чизбургер, макбургер, гәпбургер, жоқбургер... Айлығыммен отпускімді қосқанда да құны жетпейтін киімдерді көргенде көз алдым қарауытып, қарысып қалған жағымды қалай жібітерімді білмей қалғаныма қараңыз! Шарасыз біреудің әлі шылымға ғана келеді екен. Қайта-қайта тұтатамын. Сондағы біздің тірлік не деймін де, құмырсқадай жыбырлағаның құмдауытта отырып жылаған баланың кейпіндей ғана екен сөйтсек.

Елге ұқсап елп етіп, Қара теңізге немесе Египет, Түркия дегеніңе кете қалатын әдет те, әлек те жоқ.

Ауылға бару керек пе?

Сіз қандай кеңес айтасыз?