Ішімде қалған сезім

Ішімде қалған сезім
жеке
блог

   Ойланып жатырмын. Сол біреуді. Қиялымдағы арумен бақыттымын. Өзімше. Елесі кетпей-ақ қойды есімнен. Жымиып қарап тұр. Түн... Тағы да бірге жүрміз. Қолынан жібергім келмейді. Айырылып қалатын сияқтымын. Онымен махаббат айдынында жүзіп әлекпін. Не істесем болады? Ғашықтық деген осы ма? Күніге осы. Бір рет ойламасам  болмайтын сияқты күніне. Құдды, сиқырлап тастағандай. Құдайым-ау, не істеймін. Оған айтуға бата алмаймын. Болмайды. Жоқ. Ол мені ағам деп сыйлап, ағам деп жақсы көреді. «Сізді ағам деп жүрсем, ойыңыз осы екен ғой» десе бетіне қалай қарамақпын. Оданда іштен тынғаным жақсы шығар.

  Бүгін жолығып, қасында отырмын. Ойында ештеңе жоқ. Менің ше? Менің ойымда барлық нәрсе. Ішім әлем-тапырақ. «Мен сені ессіз сүйемін» дегім келеді. Дей алмаймын. Неге? Білмеймін. Бір күш жібермейді. «Айдана* махаббат деген не, не айтып берші?» «Оо аға, махаббат жайлы білгіңіз келді ме?» Қыз күлді. Ұялып қалдым. «Ия» «Махаббат деге-е-ен – түсіністік, сыйластық шығар». Іштей тындым. Не дерімді білмей қалдым. Сұрауын сұрап алып тосылып қалдым. "Іммм дұрыс" "Аға, сіздің жақсы көретін қызыңыз бар ма?"  "..."  "Жеңшемен таныстырсаңызшы". "Ағау?"  "..."  "Ағау деймін?" "Ау?" "Жақсы көрем ғой сізді". Бұл қарындастың ағаға деген махаббаты. Бірдеңе деу керекпін. "Мен сені сүйемін, ағаңды кешір" дегім келді. Тағы болмады. "Ағаңда сені "жақсы көреді"

  Жастықты құшақтап, суретіне қарап жатырмын. Қолымнан келетіні осы. Не істесем болады. Басым қатты. Ұзақ ойландым. Менікі алдамшы сезім емес па екен осы? Солай көрінді. Әкесіз өскен қыз, әке мейірімін сағынады-ақ. Айдананың әкесі қыз 2 жаста қайтыс болған екен. Ол менен жылы сөздер мен мейірім күтетіні айқын. Сонда қалай? Ағам деп сыйлап, ағам деп жақсы көріп тұрса, осындай ұлы сезімнің қасында менікі далбаса боп қалатын сияқты. Мұным болмас. Ұзақ ойдан соң, осылай шештім. Осылай шешсемде қиялымнан қуып шыға алмадым. Ойламайын десем де болар емес, бірақ тырыстым. Оған хабарласуды сиреттім.

  Біраз уақыт өтті. Сол баяғы сезім. Суыр емес. Неге? Білмеймін. Сағындым. Хабарласқым келді. Қоңырау шалдым. Көтермеді. Жүрегім соғуын тездетті. "Уайымдайды екенмін ғой". Бірдеңе болып қалды ма?

  Бүгін жұмыста көңілсізбін. Айданадан хабар жоқ. Біраз болып қалды. "Бір хабарын берсе дұрыс болар еді". Түстен кейін Айдананың құрбысы хабарласты. "Жомарт, естідіңіз бе?" "Ештеңе естімедім". "Айдана тұрмысқа шықты ғой". "Қашан???" "Үш күн болды". "Неге маған айтпаған?? Оның жігіті жоқ еді ғой?" "Алып қашып кетіпті". Сұлқ түстім.

 Айналайын Айданажан! Бақытты бол. Ендігі тілерім осы. Бұл тілекті шын жүректен айтқым келеді. "Ағаң" сені жақсы көреді. Қайда болсаң да бақыттың ауылынан алыстатпасын Тәңірім.

 

__________

* - кейіпкердің аты өзгертілді.