Ана мен бала жағдайы

Міне бүгін, аман-есен тікенім сыртқа шығып, Алланың берген сыйы бөпемді қолыма алғаныма бесінші күн. Босанғалы есімді енді жиып отырмын. Неге дейсіз ғой. Ұмытшақ ауру, қалай босанасын бәрін ұмытасын деуші еді. Бірақ, бұл жолы жағдай мүлде басқаша. 

Род залдағы жасалған жағдайға ешқандай мәлім жоқ. Ондағы гинеколог, акушерлер өте мықты, тәжірибесі мол, сыпайы. Өлім мен өмірмен арпалысып жатқанда олардың көмегін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Бірінші Алла, екінші дәрігер болмаса өліп кетесін. Олардың қолы алтын десем қателеспеймін. 

Осылай маған жағдай жасалып, бойдан күш кетіп, болдым, біттім, жаным шықты дегенде, аман-есен босандырып алды. Бәрі керемет екен деп Мен мәзбін. Бірақ, бұл қуаныш ұзаққа бармады. 

Екі сағаттан соң палатаға шығарды. 4 әйел жатыр екен. Мен келдім. 1 тәулік ұйықтамағанмын. Соңғы тәулікте болған жағдайлардан стресстемін, есімді толық жинай алмай. 

Сол күні түнеп шықтық. Бірақ мен ұйықтай алмадым. Баланың әрбір қимылын қадағалап, таң атырдым. Тұрсам, арқам, мойным, кеудем, бәрі тырысып, құрысып қалыпты. Ангина ісіп кеткен. Палатаға айналама қарадым. Екі үлкен терезе пластик. Бәрінде шель бар. Үуілдеп тұр. Палатада төрт жағында төрт есік тұр. Оны жауып қойғанда, жанына төсек қойған сол төсекте жатырмыз. Есіктен де уілдеп тұр. 

Сонымен мен шағымдана бастадым. Терезені скочтады. Есіктерге простыня ілді, төрт есікке 4 простыня, ол жұп жұқа. Мейлі, жоқтан жоғары дедік. 

Бірінші күні омырауым жақсы, уыз бәрін еміп шықты. Бала ұйықтап жатыр. Жанымдағы қыздар бәрі омырауына массаж жасап, сауып, әр емізген сайын жылап отыр. Сойтсем, олар менен бұрын келген, суық тиіп бәрі балаларын емізе алмай жандары көздеріне көрініп отыр. Келесі күні сол менің басыма түсті. Ангинадан температура болып шықтым. Үйден тез арада тұз, сода алып шая бердім. Оны кетірдім. Бірақ, омырауым асқына түсті, не істесемде болмады. Ауырғанда тілімдеп кесіп жатқандай болады. Бала жылаған соң амалсыздан бересінда, жылайсың. Шыдайсын. Бірақ, жылай жылай, әлің құрып кетеді екен. Азаптанып отырып емізгенде, балаңа сүйсініп қарамайсың. Тек азапты сезініп жылайсың. 

Жамылатыны жұқа плед. Сыртта -17 С° сондай аязға іші даладай азынап кетті. Жылы киімдер кигенмен еш өзгеріс жоқ. Себебі біз суық ұстап қойдық. Жаңа туған әйел, 62 тамырын иіп, барлық бойы жібіп, сүйектері ажыраған әйелдер. Бәрі бір, бір ауруды құшақтап шығып жатты. 

Кане, сондағы қазіргі теледидардан айқай салып "Ана мен бала" жағдайы дегендері. 

Бір бөлмеге жылу кіргізіп бере алмаса. Қалай біз көбейеміз? Қалай біз дені сау ұрпақ өсіреміз, туылған соң бірінші күні қолдап ауыртатын болса? 

Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген. Бірінші күннен жасалмаған күтімнен әлі азабын татудамын.

Жалғыз мен емес қаншама әйелдің обалына қалды. 

Қолдап жасалған ауру, қолдап жасалған азапқа кім жауапты? 

Бойлары қатып қалғаннан кейін қандай аурулар шығатынын кім білсін? Оған кім кепілдік береді? 

Мен жатқан роддом басшысына: басшы болған соң, жағдай жасай білу керек. Әлі де кеш емес. Мүмкін үндемей кетер бәрі. Мен қарап отыра алмаймын. Бүгін бесінші күн, еңсемді ала алмай жүрмін, арқам, денем құрысып, қанша терлеп, сорпа ішсемде, оңала алмай жатырмын. Омырауыма массаж жасатып жатырмын. Әр емізу мен үшін өте ауыр, өте қиын.

Олқылық орнын толтыру Сіздің міндет! 

Ондағы жұмыс істеп жатқан персонал өте мықты, бәріне алғысым шексіз. Сол кісілер арқасында аман-есен Босандым. Аллаға шүкір. Бірақ, жоғарыда аталған кемшілікті жою керек!

Құрметті оқырман, пікір қалдырыңыздар, бұл өте маңызды. Менен кейінгі әйелдер мен сиақты қиындық көрмесін деген оймен жазудамын.



Бөлісу: