әл-Фараби университетінде өтетін Фараби оқулары жайлы

әл-Фараби университетінде өтетін Фараби оқулары жайлы
жеке
блог

әл-Фараби университетінде өтетін Фараби оқулары жайлы

Алматы қаласы, Тимирязев көшесінде Қазақтың ұлттық университеті орналасқан. Оған әл-Фараби есімінің берілгеніне келер жылы 30 жыл толады. Ал биыл ойшыл, ғұлама ғалым әл-Фараби бабамыздың туғанына 1150 жыл толғанын ел болып еске алып жүрміз. Осыған орай университетімізде дәстүрге айналған Фараби оқулары өтті. Оған барлық факультеттің студент, магирант, доктаранттары қатысады. Біздің, филология факультетінде, биыл да осы дәстүр карантин жағдайына қарамай онлайн форматта өтті. Бабамыздың еңбектеріндегі әлі ашылмаған сыр мен білімдер бізді қатты қызықтырады.

Фараби оқулары университетімізде 2014 жылдан бастап өтіп келеді. Бұл халықаралық деңгейде өтетін конференцияның бірнеше артықшылығы бар. 1-курсқа түскен студенттер ғылымның жасалу негіздерімен танысып, өздерін қызықтырын тақырыппен көпшілік алдында бөлісу мүмкіндігіне ие болады. Тезис жазып, баяндама жасау алғашқы кезде үлкен жетістік екені белгілі. Осындай дайындық жұмыстарынан өткен студент – жұмысының сапасына қарай бағасын алады. Әр секция бойынша тыңдалған баяндамалар негізінде төрешілер марапатқа лайықтыларын іріктейді.

Бұл университетімізде өтетін көптеген басқосулардың бірі ғана. Әр басқосудың өзіндік бағыты, ұстанымы болатын секілді, Фараби оқулары да бірнеше бағыттардан тұрады:

- Рухани жаңғыру: Ұлттық кодты сақтау мен дамыту;

- Шығыс елдеріндегі ғылыми және интеллектуалды дискурс;

- Ботай мәдениеті дала өркениетінің бастауы және оның адамзат тарихындағы маңызы;

- Шет тілдерін оқыту әдістері және т.б. көптеген өзекті мәселер қарастырылады.

әл-Фараби әлемнің екінші ұстазы және орта ғасырдағы әлемдік ғылымда ойып орын алатын тұлға. Оның еңбектерін танып зерделеу, оны бүгінгі күн мен келешектің кәдесіне жарату біздің қолымызда. Бабамыздың мұрасын зерттеу қай кезеңде де өзекті. Өйткені орта ғасырда білім, ғылым ерекше дамыды. Сондай-ақ, шығыс ғылымы Еуропаның өркендеуіне ықпал етті. Бастысы, еліміздің қуатты мемлекет болуы үшін, біз, бабамыздың еңбегіне аса ынтызар болуымыз керек.

ҚазҰУ 2-курс магистранты Сейтбатқал Әрлен

ҚазҰУ ф.ғ.к., доцент Бектемірова Сәуле