Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті ең бірінші таңдау

Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті ең бірінші таңдау
жеке
блог

Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған студенттердің басын біріктіреді. Ұлттық Университетте оқып, білім алу көптеген өскелең ұрпақтың арманы.

Жыл сайын ең үздік оқушылардың таңдауы ҚазҰУ-іне түсуінің бірнеше себебі бар. Олар ең алдымен білім сапасы, ҚазҰУ имиджі және студенттік өмір мен студенттік қалашық.

Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті білім сапасы бойынша Қазақстанның үздік университеттерінің қатарына ғана кіріп қоймай, әлемнің ең үздік университеттері тізіміне енген елеулі білім ордасы. Бұл орда өзінің ғылыми жетістіктері мен үздік оқытушылар құрамымен танымал. ҚазҰУ-інің әр студенті өз мамандығы бойынша білім алып қана қоймай, түрлі іздемпаздық жұмыстар мен қосымша үйірмелер арқылы өз білімін шыңдап, жаңа қырларын дамытуға мүмкіндік алады.

Университеттің имиджі жайында сөз қозғар болсақ «Ұлттық» деген сөздің өзі әл-Фараби Қазақ Ұлттық Унвһиверситетінің сапасы мен имиджінің көрсеткіші болып табылады. Ұлттық білім ордасының аты әр мектеп оқушысына таныс және бұл университеттің студенті атану көптеген түлектің арманы. Бұл университеттің сапасына деген сенім мен университеттің халық арасындағы беделді имиджінің бірден-бір айқын дәлелі болып табылады.

Студенттік өмір адам жадында мәңгіге сақталатын айқын әрі шуақты кезең және оны есте қаларлық ететін университет. ҚазҰУ-інің студенттік өмірі қызығарлық, себебі студенттерге түрлі үйірмелер, жиындар мен топтарға мүше болып, өз үлесін қосуға жағдай жасалған. Студенттер өз қалаулары бойынша кез-келген топқа мүше болып қана қоймай, өз бастамаларын ұсынып, жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Жақсы жетістікке жетудің бір бөлшегі жақсы жағдайдың қамтамасыздандырылуы болып табылады. Студентке барынша жабдықталған кітапхана мен компьютерлік жабдықтамалардан басқа не қажет болуы мүмкін? Бұл орайда ҚазҰУ өзіндік студенттер қалашығымен бәсекелестікке жол бермеуде, себебі ҚазҰУ Қазақстандағы ең үлкен әрі барынша жабдықталған студенттер қалашығына ие. Бұл қалашық тек кітапхана мен компьютерлік ғимарат қана емес, студенттерге арналған  «Керемет» комплексінің иесі. Бұл комплексте студенттерге арналған шағын маркеттен бастап студенттер басқармасына дейін орналасқан.

Қорытындылай айтқанда, әл-Фараби ҚазҰУ әр жыл сайын мыңдаған түлектердің ең бірінші таңдауы болуы ғажап жағдай емес. Өткен жылдар ішінде ҚазҰУ сапасы мен дәрежесінің сай екенін дәлелдеп қана қоймай, әр жыл сайын жаңашылдық пен үздіксіз даму жолында екенін көрсетіп келеді.

Қонысбек. А. Б. -филология және шет тілдер кафедрасының магистранты.

Ғылыми Жетекші- Ибраева Ж. К.