Үржар ауданының "Жасыл Ел" сарбаздарын құттықтаймыз!

Үржар ауданының "Жасыл Ел" сарбаздарын құттықтаймыз!
жеке
блог

Халқының ұлы тұлғасына айналған дара тұлғаның биыл 175 жыл толып отыр. Осы атаулы мереке аясында елімізде түрлі іс-шаралар мен байқаулар өткізілуде. Соның бірі де бірегейі ШҚО "Жасыл Ел" жасағының ұйымдастыруымен арнайы аудандар арасында өлең оқу байқауы болып өтті. Бұл атаулы байқау бір аптаға жуық аралықта болып өтті. Байқау нәтижесінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, үздік пікірге ие болған Үржар ауданының "Жасыл Ел" жасағы бас жүлде иеленді. Топ жарып алға шыққан қатысушылардың бұл еңбегі талай күш-жігер мен шығармашылықты қажет етті. Жастардың еңбекпен қатар оқу, білімге де көңіл бөлуі бос уақытында дара тұлға шығармаларын дәріптеуі болашаққа үлкен үміт артады. Жеңіске жеткен Үржар аудандық "Жасыл Ел" жасағын шын жүректен құттықтаймыз!