жеке
блог

«Қазақ» деген кім?

«Қазақ атауы қайдан шықты» тақырыбына қосымша ізденісім...

Қазіргі күні, Қазақ - олар «Қазақ Хандығы» құрылғаннан кезеңнен, яғни 15-ғасырдан бар деп қате айтатындар көбеюде. «Қазақ Хандығын» құрған – Керей Хан мен Жәнібек Хан, олар Шыңғыс Ханның ұрпақтары. Ал, Шыңғыс Хан, құрған мемлекетін «Тұран» деп, өзге елдер «Тартария» деп атаған. Тұран екенің өткен мақалада жазғанмын, қосымша мына кітап тарауынан да белгілі:

Тартария - Тұран

«Шыңғыс Ханның Иран елінен Тұран еліне оралуы, яғни Персиядан Тартарияға»

Алдыңғы жазған мақаладан, Қазақтың Иса Пайғамбар дәуірінен бұрын ежелден келе жатқаның білдік. Яғни, осыдан 2020 жылдан ерте... Қазақтар ежелден бар болса, мемлекеті қалай аталды? Алдымен, Шыңғыс ханның мемлекетін өзгелер неге «Тартария» деп атағанын қарастырайық.

Сол кезеңдердегі шетелдік тарихшылардың айтуы бойынша, «Тартария» атауы сол «тартар» халқының атымен, ал «тартар» халқының атауы сол халық тұратын жердегі көлдің атымен аталды дейді. Бұл жерде «тартар» деп өзге елдік тарихшылар атап жіберген болар, өз атауы қандай екен?

Көл аты мен Ел аты бірдей атауларды іздеп көрейік. Еуропалық ескі карталарда (18ғ-19ғ) Cathay деген ел көрсетілген. Осы елде, сәйкесінше Kathay деген көл де бар екен. Бұл Cathay (Қазай / Қасай) атауы, әр кезеңдегі әртүрлі тарихшылармен Catay, Kathay, Katay, Kytai, Kithai, Kitai (Казай, Қатай, Күзай, Күтай, Қитай) деп неше түрлі бұрмаланып кеткен 

(карта суреттерін қосамын, карталарда орындар ығысқан, дәл емес, атауларға назар аударайық).

Қасай

Қасай

Қазай

 Қасай

Қазақ

қасақ

қасақ

қасақ

қасақ

қасақ

Әр кезеңдегі карталарды салыстыра келе, бұл Kathay (Қазай) көлі қазіргі Арал теңізі екені анықталады! Ал, Арал теңізін, 18ғ-19ғ-да өмір сүрген неміс географы, Риттердің айтуы бойынша, жергілікті халқы Оғұз деп атаған! Яғни, Cathay (Қазай) мен Оғұз бір болғаны ғой(!), атаулары бір сөзден! Себебі, карталар сызылған кезең мен Оғұз деп айтты деген кезең бір.

Ал, Қазақ пен Қазай бір болса керек, себебі кей картада Cathay (Қазай) делінген аймақ өзге картада Kassak (Қазақ) не Cassackia (Қазақиа) делінген, және де «бір кезеңде, Қазақ ханы қиыр шығысқа хат жолдағанда, өзін Қазай ханымын» деген.

Демек, Қазақ – ол Оғұз Хан! (Оғыз Хан)

Оғұз Хан – ол, Түрік баласы (Йафет -> Түрік -> Таунақ «Тұтық» -> Елжа хан -> Диббақұй хан -> Күйік хан -> Аланша хан -> Моғұл «Мұңыл» хан -> Қара хан -> Оғұз хан).

Әбілғазы Баһадүр Ханның шежіресі бойынша, Оғұз Хан мен Шыңғыс Ханның арасы 4 мың жылдан астам. Яғни, Оғұз Хан б.д.д. 2800-жылдары өмір сүрген, осыдан 4800 жылдан астам.

Оғұз Хан дүниеге келгенде, жүзінен күн сәулесіндей нұр шашқан. Анасы емізейін десе мүлдем алмаған екен. Анасының түсіне кіріп айтыпты «Ата бабамыз сенген Бір құдайға сен, дәрет ал, жан-тәніңді тазала» деп, содан кейін ғана еме бастаған /есіме Абайдың анасы түседі/. (Аланш хан кезеңінде халқы өте бай тұрған, тоқшылықта, татулықта болған, ал осы Қара хан кезеңінде халықтар құдайды ұмытып бір-бірімен соғыса бастаған екен). Ол кезеңде, баланың атын 1 жасқа толғанда қоятын болған. Оғұз Хан бір жасқа толған күні, әкесі Қара Хан, халқын жинап, той жасап, балаға ат қояйын деп жатқан кезде, баланың өзі «менің атым Оғұз!» депті...

...ер жеткесін Оғұз Хан әділдік үшін, ақиқат үшін күресуге шашыраған халықты шақыра бастайды. Әкесінің інілерінің балалары да келіп қосылады, оларды Ұйғыр деп атайды, көмекке келушілер деген мағына. Жүк тасу үшін екідөңгелекті тиелек ойлап тапқан адамын Қаңлы атайды, мағынасы арбалы. Жер жүзі бойынша әділдік орнату үшін, Оғұз Хан әскерлерімен сапарға шығады. Соғыс кезінде бір әскербасы мерт болып, екіқабат әйелі қашып бір ағаш қуысына тығылып ұл туыпты. Баланы Оғұз Хан өз тәрбиесіне алады, атын Қыпшақ деп қояды, мағынасы ағаш қуысы. Қыпшақ ер жеткесін, оған әскер қосып Еуропа жаққа батысқа жібереді. Оғұз Хан әскерімен шығыс Азиядан бастап қиыр шығысқа қарай, одан батысқа бағытталады. Қыста әскерінің бір бөлігі қалың қардан шыға алмай жолда қалып қойып, көктем шыға қуып жетеді, Оғұз Хан оларды Қарлық деп атаған. Аштық зардабынан жолда қалып қойып, кейін қосылған әскерлер басшысын ҚалАш атаған. Бұларды бес Аймақ деп атаған, оның ішінде Оғұз Ханнан: Қаңлы, Қыпшақ, Қарлық, Қалаш; Моғұл ханнан: Ұйғыр. Осылайша шығыстан бастап, оңтүстікке, қиыр шығыс пен бергі Еуропаға жорық жасап келеді, оларға қарсы келетін күш болмайды.

Оғұз Хан 116 жыл хандықта болды, одан кейін үлкен ұлы Күн Хан болды.

Бичуриннің 1829-жылғы «Шығыс Түркістан» атты кітабында «б.д.д. 2-ғасырда қытайлықтар қазақтарды Қаңлы деп, еуропалықтар да солай Kangit деп атаған» дейді, және де Казанцевтің 1867-жылғы «Қырғыз-Қайсақ сипаттамасы» атты кітабында «ертедегі Қыпшақ – ол қазіргі Қайсақ (Қазақ)» делінген. Яғни, Оғұз Хан құрамындағы екі ірі ру тайпаны Қазақ деп тұр. Бұл, Қазақтың  Оғыз Хан екеніне қосымша дәлел!

Қазақта айтады, «Қазақ – әлімсақтан мұсылман» деп, ал Оғұз Хан туғанынан «Тақ Аллаһ» деген!

Сонымен, ертедегі Қазақ мемлекеті Cathay (Қазай / Қасай) деп аталғаның білдік, онан кейін Cassackia (Қазақиа) деп аталған.

Енді, Шыңғыс Хан мемлекетіне оралайық. Еуропалық тарихшылардын кітабынан үзінді: «Шыңғыс Хан Tenduc және Cathay (Қазай) еліне хан болғаннан кейін, басқа “тартарлар” оған қосылды...» делінген. Мұнда «тартар» деп түркі тайпаларды атап тұрғандай, яғни «түрктер», «тұрқтар», «торқтар» деген сөзден бұрмаланғанға ұқсас? Және де, сол кітапта «Шыңғыс Хан Scythia (Скифия) атауын Tartaria (Тартария) деп өзгертті. Тартар атауы Еуропаға 1168 жылы белгілі болды...» делінген.

Бұл жерде, Шыңғыс Хан  Cathay еліне хан болды және Scythia атауын өзгертті деп тұр. Cathay мен sCythia бір атау болғаны ма? Олай болса Скиф деп жүрген – ол Оғұз Хан, ол Қазақ болып шығады! Және де Оғұз Хан мен Қыпшақтың аралаған жерлері де Скифия (Scythia) шекарасымен сәйкес. Олжас Сүлейменов те Scytha аты Оғұз атынан шыққан болу керек деген.

Қазақ – ол Скифтің өзі!?

Σκύθαι (Скифия) сөзінің транскрипцясы / ský.tʰai̯ /.

Алғашында Scythia (Скифия) деп ежелгі Грек тарихшысы Геродот жазған. Оның айтуынша «скифтер б.д.д. 2 мың жыл бұрын  Зевстің ұлы Тарғытайдан тараған. Тарғытайдың ұлдары – Липоксай, Арпоксай, Колоксай. Тарғытайдан кейін Колоксай хан болған». Бұл жерде Зевс және Йафес бір тұлға болуы мүмкін. Кеңес ғалымы В.И.Абаевтің айтуынша аттардың мағынасы: Липоксай – Тау иесі, Арпоксай – Теңіз иесі, Колоксай – Күн иесі.

Оғұз Ханның екі әйелінен алты баласы болған, оның ішінде Тау, Теңіз, Күн деген балалары да бар. Оғұз Ханнан кейін Күн хан болған.

Англияда 1636 жылы шыққан «Ұлы Әлем туралы кішкене сипаттама» кітабында: «Скифия - елдің тұңғыш ханы Scytha атымен аталып жүр. Ол, Йафет (Iaphet) ұрпағы...» делінген. Жоғарғы шежіреде Оғұз Хан да Йафеттің ұлы Түріктен.

Скифия хандары (латын-грек тілдерінде жазылғаны):

1

Scytha   (Оғұз?)

10

Indathirsus

2

Napis    (Мажар тілінде: Nap - Күн)?

11

Saulius

3

Phitro

12

Spargapisis

4

Sagillus

13

Tomyris

5

Targitaus

14

Aripethes

6

Plinos

15

Sciles

7

Scolipothus

16

OƐtomasades

8

Panaxagora

17

Lanthinus

9

Tanais

 

 

Шыңғыс Ханға дейін Скифия халқы өздерін «түрік» атаған. Демек, ежелгі Тұран елі Оғұз Ханнан кейін Скифия аталып кеткен. Шыңғыс Хан оны қайта Тұран деген...

Осылайша, Қазақ, яғни Оғұз Хан – ол Скифтің өзі деген ықтималдық өте жоғары!

...Оғұз Хан, яғни Қазақ ол Құранда айтылған Зұл-Қарнайн секілді әлемде әділдіктің орнауы үшін күрескен. Оғұз Хан мен Зұл-Қарнайн арасындағы ұқсастықтары – екеуінің де көп жорық жасаулары, әділдік үшін күрескен, Алланың әділ заңын күн шығыс пен күн батыс аралығына таратқан. Құранда жазылғандай, «Зұл-Қарнайн шығыс пен батысты, батыс пен шығысты аралап жүріп, алыстағы екі биік тауға жеткенде, оған тілі түсініксіз халық кездесті» делінген. Яғни, Зұл-Қарнайн күн шығыс пен күн батыс аралығындағы құрлықта тұрып жатқан түркі халықтарының тілін білген. Өзі түріктен емес пе?

қасақ

Екі таудың арасына темір құйып жатқан Зұл-Қарнайн. Шахнаме.

Зұл-Қарнайн аты – араб тілінде «қос мүйіз» дегенді білдіреді, яғни «қос ұшты, қос найза, қос пышақ, қос оқ» немесе «өгіз» деген мағыналарға келеді. Кей зерттеушілер Қазақ «қос оқ» сөзінен, Оғыз «өгіз» сөзінен шыққан дейді...  

Кейде, Қазақ елін (ресейлік картада) Касог деп те атаған. Жоғарыда, Қазай / Қасай деп те аталғаның айтқанбыз. Егер, Қазақ ол «қос соғ», Қазай «қос сай» сөздерінен шыққан шығар десек, көне түрік тілінен екеуінің де мағыналары «қос түйре, қос шаншы, қос сұқ, қос найза, қос оқ» дегенге келеді. Ал, егер «сой», «соғ» сөздері «*сойуға» сөзінен екенің ескерсек, онда екеуінің де мағынасы - «қос мүйіз» ...

Қос мүйіз


Жалғасы: "Қазақ" атауының тарихы

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі