Браво!

Браво!
жеке
блог

Бәріне сәлем! Бұл менің блогтағы алғашқы жазбам. Қателіктер болып жатса, кешіріммен қарауды сұраймын. Ал ендеше, мархабат, алғашқы жазбамды оқып көріңіздер.

Бүгін кинотеатрда "Жаңа Өрмекші-адам" фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасын тамашаладым. Өте әдемі, керемет аударылған. Бұл жобаға "Болашақ" қауымдастығы үлкен үлес қосқан, "Меломан" компаниясының жаңа бренді көмек көрсеткен, ал, бас демеуші "DAMU Logistics". Бұдан кейін де шетелдік ең үздік фильмдер қазақ тіліне аударылады деген ниеттемін. Ал енді фильм жайлы айтар болсам, адамды еріксіз күлдіретін тұстары көп екен. Қызықты, шытырман мен романтикаға толы фильм көрерменді баурап алады. Визуалды эффекттары жоғары деңгейде. Әйтсе де бұдан алдыңғы Тоби Магуайрдың қатысуымен түсірілген "Өрмекші-адамның" 3 бөлімі бұл бөліміне қарағанда неге екенін білмеймін көрерменге басқаша әсер ететін сияқты. Өз басым маған "Жаңа Өрмекші-адам" фильмі ұнады. Қазақшаға аударылғанын айта кетер болсақ, қазақтілді көрерменге екі бірдей қуаныш сыйлауы керек. Мен ойлағаннан да жақсы аударылыпты. Көңілімнен шықты. Әрі қарай да осындай істер өз жалғасын табуына тілектеспін! Әрқайсысыңызға барып қайтуды ұсынамын. Фильм керемет!