ҚазҰУ – Қазақстанның жетекші университеті

ҚазҰУ – Қазақстанның жетекші университеті
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Шығыстың аса көрнекті философы Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімі берілген бұл оқу орны Қазақстан Республикасындағы алдынғы қатарлы, жетекші жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі таңда еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы ретінде көпшілікке белгілі. ҚазҰУ-нің іргесі ең алғаш 1934 жылы қаланған болатын. Содан бері біздің қара шаңырағымыз әлемдік білім беру жүйесінде өз ұстанымын жақсартып келеді. Оқу ордамызда студенттер үшін, олардың өз бетімен ізденіп, білім алуы, және басқа да ақпараттарға ие болу мақсатында барлықтай жағдайлар жасалған. Осындай жағдайлардың біразы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында жасалған. Қызметтің барлық түрлері студенттер үшін тегін, және жеткілікті дәрежеде тиімді болып көрсетіледі. Сонымен қатар білім ордамызда мәдени, ғылыми және спорттық-әскери орталықтар бар. КазҰУ – жастардың мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін алтын көпір. ҚазҰУ – жетістікке апарар жол. Бұл оқу орны алдыңғы қатарлы дамыған елдердегі жоғарғы оқу орындарымен терезесі тең білім ордасы. ҚазҰУ – жас көшбасшылар мектебі. Университет қабырғасында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары мен кәсіподақтары, әлеуметтік-әріптестік қағидасы негізінде қызмет атқарады. Әр ұйымның өзіндік бағыты мен ерекшеліктері бар. Олардың әрқайсысы студенттердің жан-жақты дамуы үшін қызмет атқарып келеді. Әрбір ұйымның ұйымдастыратын жобалары, студенттердің қай салада болмасын жұлдыз болып жануына бағытталған. Өткізілетін іс-шаралар, кездесулер, мастер-класстардың негізгі мәні – еліміздің болашағына қажетті мықты кадрлар даярлау. Жасалып жатқан жобалардың мақсаты анық. Ол ертеңгі ел болашағының қамын ойлайтын, еліне емірене қызмет ететін, дарынды, білікті азамат пен азаматшаларды даярлау. Қасиетті қара шаңырағымыз Қазақ Ұлттық Университетінің болашағы үшін барын салатын студент атану мен үшін ерекше бақыт. ҚазҰУ – болашағымның бастауы. ҚазҰУ – айқын мақсаттар мекені.

Практика жетекшісі: аға оқытушы, Медетбекова П.Т.
"Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері" кафедрасының бакалавр студенті: Жолмырзаева Д.