жеке
блог

2019 жыл қорытындысы (эстафета)

Осыдан алты жыл бұрын жылды қорытындылап, блог жазыппын. Қазір қарап отырсаң біраз нәрсе өзгерген, сол кездегі ойларым бірі күлкілі, бірі қызық. Тіпті осыны шынымен мен жаздым ба дейтін жерлері де бар. Ол менің өткенім, жазып қойсаң естелік боп сақталып тұра береді екен. Осы жылды да бір қорытындылап көрейін деп шештім.

Жыл цитатасы: «Әйелге жылаған да жарасады. Ол одан жанын тазартады, әйелдің әйел екенін танытады. Мен жыламайтын, жылай білмейтін әйелдерден қорқамын. Олар арамдық пен жауыздыққа жақын». Дулат Исабеков

Осы жылда ашылған қызығушылық: өзіме орамал тігу (бұл жылы жай сәндеумен айналыстым).

Орындалған арман: бір жарым жыл бойы бармаған төркініме барып, туыстарымды көріп қуанып келдім.

Өзіндік рухани жаңалық: Бала шомылдыруды үйрендім))) Интернеттен ешкім естімеген ескі бесік жырларының мәтінін алып, ойдан ән шығардым. Бала күтіміне қатысты нәрселер болмаса, бұл жылы өзімді ұмытып кеткендей болдым.

Үздік әнші: Айдана Меденова (осы жылы түрлі бағытта еңбектенді)

Үздік ән: «Мазалама», «Тәтті дауыс» Айдана Меденова, «Апа-ау» Жанар Айжанова

Үздік фильм: Осы жылы көрген фильмдерімнің саны онға жетпейтін шығар. Ішінде үздігі осы деп айтатыны болмады.

Үздік сериал: Өмірі сериал көрмейтін едім, биылдыққа екі сериал көрдім, екеуі де үздік. «Бақытсыздар бағы», «Шытынаған тағдыр».

Үздік әртіс: Айгүл Иманбаева. Екі жұлдыз жобасына қатысқанда тағы да өзіне тәнті етті.

Үздік кітап: «Материнская любовь» Некрасов

Үздік бағдарлама: «New Old Qazaqtar». Ескі мен жаңа көзқарастағы қазақтарды қонаққа шақырады. Қымбат Әбілдақызы қатысқан шығарылымын жылап отырып көрдім.

Жылдың үздік тағамы: Жиде. Оқушы кезімнен кейін жидені көп жемеппін, осы жылы жидеге деген құмарлығым артты.

Жыл сусыны: Үйде банкаға басылған компот.

Ең керемет күн: Тағы бір сәби сүйетінімізді білген күн.

Үздік кеш: қыркүйектің 29 күні бір досымыздың тойында болдық, сол кеш ерекше ұнады.

Жылдың үздік сайты: Massaget.kz әр жылдың мәңгілік үздік сайты боп қалады мен үшін. Осы жылғы үздік сайт Balbal.kz. (басқа сайттарды ашпайды екенмін).

Жыл әсері: Күйеуім ұлымызды алғаш қолына алып иіскеген сәтінде жылап жібергенмін. Балаға менен де бетер жан ұшырып тұратын әр сәті мен үшін ерекше әсерлі болды.

Ең керемет адам: Құдай қосқан қосағым – Әбекем. (ата-ананың, ененің, дос-құрбының барлығының орнын баса алады).

Жыл сыйлығы: Басқа әйелдер секілді алтынға, бағалы тастарға құмар емеспін. Бірақ осы жылы төркініме барғанда әпкем мені ерекшелеп еш себепсіз алтын сақина тақты, сол сыйлық есімде қалды.

Керемет жаңалық: Туған сіңілім мен күйеу балам ұлды болды.

Жыл өкініші: Ештеңеге өкінбеуге тырысамын.

Жыл шытырманы: Жақынымыздың екі миллион теңгесін ұрлатып алып, 50 минут ішінде қайта таптық.

Жыл блогері: Ақерке Әбілхан, Асия Ибрахимқызы, Сая Бакимова (оларды инстаграмнан оқимын). Массагетте жиі әрі жақсы блог жазып көзге түскен Айторғын Салиева.

Эстафета кезегін Ақтоты Жапатова, Өмірбек Сансызбай, Рахат Қалиевке жолдаймын.

Массагеттің кез келген блогері осы сауалдар бойынша және өзі басқа пунктер қосып жыл қорытындысын жасауына болады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі