Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Өмірдің мәні неде?

Өмірдің мәні неде?

Өмірдің мәні неде?

  Біз өмірге не үшін келеміз? Дәл осылай соңғы рет қашан ойландыңыз? Есіңізде жоқ па? Ендеше, сіз де менімен бірге бір сәт ойланып көріңізші.

 

Сәби болып дүниеге шыр етіп келеміз.

 

Бала-бақша, одан мектепте 11 жыл оқимыз.

 

Мектепті бітіріп жоғары оқу орнына түсеміз.

 

Білім аламыз, ізденеміз, оқимыз. Қарнымыз аш қалмас үшін жұмыс істейміз. Жұрттан қалмай жанталасып бағамыз. Қарнымызды тойдыру үшін басымызды тауға да ұрамыз, тасқа да соғамыз.

 

Артымызға қарап көрейікші, өміріміздің жартысы өтіп кетіпті. Сонда біз бір қарынның қамы үшін 11 жыл мектепте, 5 жыл универде оқыдық па? Сол бір тамақты табу үшін қанша рет табанымыздан тоздық, сол бір қарынның қамы үшін кімдерді ренжітпедік, кімдерді жамандамадық, бәрі де сол қу құлқынның қамы.

 

Бір тамақ үшін ба сонда? Біз неге өмір сүру үшін тамақ ішпейміз? Керісінше тамақ ішу үшін өмір сүреміз ғой. Өміріміз осылай мәнсіз боп өтіп кете бермек пе? Шатасқан сұрақтар... Терең ойласаңыз бұл сұрақтардың жауабы бар екен. Қандай дейсіз бе? Ол анық нәрсе, ақылы бар кез-келген жанға. Ол құлшылық!

Кімге? Әрине, әр бірімізді бір тамшы ұйыған қаннан жаратқан, бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға құлшылық қылу. Иә-ә, кез келген ойланған есті жанға бұл анық нәрсе. Біздің өміріміздің басты мәні де, сәні де сол емеспе. Өмір деген соол өтеді де шығады. Қамшының сабындай деп бекер айтып кетпесе керек баяғылар. Қөрер көзге көрініп тұрған жоқпа бұл өмірдің сынақ, жалған екендігі. Біреу сүрініп жатады, енді біреу қуанышқа кенеліп жатады, осының барлығына сабырмен шүкір дей отырып, Жартушымыздың алдында бас иіп құлшылық ету емес пе өмірдің мәні.

 

__________________________________________________________

P.S. Кез келген адамның өз пікірі болады, бұл менің жеке пікірім. Сіздің пікіріңіз қандай? Келіңіз ой бөліселік...

24718 7
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 06 шілде 2012, 09:46
Тегтер: www.muftyat.kz, ҚМДБ
Пікірлер
+0
06 шілде 2012, 13:11

Әркімнің өз пікірі бар демекші, барлық сұрақтардың жауабы бар, әрине. Дүниеде қанша адам бар, сонша түрлі әркімнің өз өмірінің мәні, мақсаттары, армандары бар. Осының бәрі "сол бір тамақта табу үшін" деу меніңше, орынсыз. :!:

+0
06 шілде 2012, 13:12

Дұрыс айтасыз.! Тамақ үшін ғой бәрі...

+0
06 шілде 2012, 14:26

Өмірге бір-ақ рет келеміз деп нәпсісін тыя алмайтын адамдар көөөөөп................. :(

+0
06 шілде 2012, 14:32

иә өз нәпсімізді тежей білу де үлкен жеңіс

+0
06 шілде 2012, 14:43

сізбен толықтай келісемін! Он сегіз мың ғаламның иесі, Аса қамқор ерекше мейірімді Аллаһ Тағалаға құлшылық етіп, алдындағы парызын орындай білу керек,дегенмен, соны білсек те жасаған амалымыз бен жинаған сауабымыз тыым аз....

+0
06 шілде 2012, 17:20

Аааз, өте аз тіпті көзге көрінбейді де

+0
06 шілде 2012, 21:14

мен сізбен толықтай келісем.Бірақ Аллаһтың берген 30 күн оразасы бар .жәнеде намаз оқмасақта бір жаратушы иеміз жүрегімізде .мейірімі шексіз Алла біліп білмей істеген күнәмізді кешірер...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев