Көкейкесті...

Көкейкесті...
жеке
блог

Күмбір-күмбір күміс күй... Кәусар көңілім кереметке кенеледі. Кейде көңілді, кейде көңілсізбін. Көкірегім, кеудем кілең күй. «Көкейкесті...» Керемттеріңді кештеу керексінгеніме, кешірші. Кейде, кейбір кердең кездерде күмбір күймен көңіл көтермей келгенім, кемшілігім.

Кемелдігім, кеңдігім, кешегім, келешегім күймен кестеленетіне келістім. Көрсеқызарлық, көрінгеннің: курорты, киносы, кафесі, компьютері кімге керек?. Көшпелі, көргендігімізді көпке көрсетпейтінімізге күйінемін. Көшеден көргендеріміз - көргенділікке көлеңкесін көшіріп келеді. Көргенсіздікті көму керек!

Кімде-кім кісілікке кішкенеден кіріссе. Кішіміз - кісі, кісіміз көптің күшіне көтерілсе. Кішіпейіл, кең, келісті кісілерді көп кездестіргім келеді. Келешекті көпшілдерден күтемін.

Кесірлі, кісәпір, кіріптарларды көргім келмейді. Кемтар, кембағалдар кедейлік көрмесе, кеңдігімізге келіседі. Керісінше, көкірек кергендер, кінәләлер, күнәлілер көретінін көрсе, кемшілігін кетіретіндей көрем.

Классиктер, көсемдер, көрегендер, көкелер күндей күркіремей-ақ, кеңдігін, кемелдігін көкірегімізге көктете көшіріпті. Керуен көші кезегін көзайым келістілікпен келешекке көшіру - кәдімге кезегіміз, кейінге керегіміз.

Коммунизмді көрмедік, капитализмге көнбедік. Кедергілер кездескенмен, күніміз күліп, кемелденіп келеміз. Келешегіміз кең. Кемшілігіміз кем. Көзім көргенді көсілте, көпірте көрсетсем, көпсінбеңіз!)