әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті-болашаққа бастаған білім ошағы
жеке
блог

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті-болашаққа бастаған білім ошағы

      ҚазҰУ...
      85жыл...
      Біздің университеттің білім саласында қызмет етіп келе жатқанына биыл міне 85 жыл толып отыр. Қарап тұрсаңыз бұл уақыт та бір адамның ғұмыры емес пе?! Ал мен университетті дәл өзіміздей тірі адамға теңегім келеді, жай ғана адам емес, алып адамға...Өмірден түйгені өте көп, жолында кездескен барлық қиындықтарды өз күшімен жеңген, бүгінгідей жасқа, бүгінгідей абыройға жету жолында тынбай еңбек еткен ұлы тұлғаға теңеймін. Біз секілді балаларына білім беру барысында, заман талабына сай етіп тәрбилеу жолында, біздің  болашағымыздың жарқын болуы үшін өзінде бардың барлығын бізге ұсынуы дәл анасы баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлетініндей, пәк, адал махаббаты секілді көрінеді маған.

        Ия, шынында ҚазҰУ студентке керектінің барлығын беріп жатыр, тіпті артығымен беріп жатыр десек шектен шыққанымыз емес. Әрбір студентке білім беру жолында ғана емес, рухани дамуынада өз үлесін қосуда. Мәселен, студент жастар үшін қызмет көрсететін Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы жұмыс жасайды. Қазақстан емес Әлемдік көлемдегі " Әл-Фараби" кітапханасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында спорт кешендері мен стадиондар, Алматыға арман қуып келген студенттер үшін 5000 орындық студенттер үйі де біз үшін қызмет көрсетуде, одан басқа медициналық орталықтар, технопарк, әскери кафедра да біздің игіліміз үшін жұмыс жасауда. Бұдан бөлек өз шығармашылығын дамытуға ниетті өнерлі студенттерге, спортшы студенттерге, ғылыммен айналысып өз болашағын айқын болжаған студенттер үшін неше түрлі үйірмелер де, форумдар да, конференциялар,ұйымдармен қоса оқытушы-профессорлар құрамы аянбай тер төгуде.

     Бүгінде осындай керемет білім ошағында аға-оқытушы қызметін атқарып жүргенімді мақтан тұтамын.Білімім мен біліктілігімді қатар дамытуға менің университетімнің маған берері мол.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

заң факультетінің

аға оқытушысы А.А. Есекеева.