Я люблю тебя

Я люблю тебя
жеке
блог

07.10.19 күні Есентай молл "Kinopark 11 IMAX" кинотеатрында өткен Гүлнұр Мамасарипованың "Я люблю тебя" атты су жаңа фильмнің жабық көрсетілімін тамашаладым.

Фильмнің басты рөлін белгілі актёр Жандос Айбасов пен, әнші қыз Сара Амангелді (Гүлнұр Мамасарипованың туған қызы)  сомдады. Қатал тәртіпте өсіп, бойжеткен әнші, талантты, болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған Сара қыздың әрбір қозғалысы анасы Жаннаның бақылауында болды. 

Соған қарамастан, тағдыр әнші қызды ережесіз жекпе- жекпен айналысатын, қарапайым Бек атты жігітпен жолықтырады. Кездесулердің соңына ұласқан нәзік сезім мен әдемі махаббат корерменнің көңілін бірден жаулап алды..

Ал Сараның анасы бұл қарым-қатынасқа қарсы тұрып, 2 ғашықтың арасына кедергі  жасаумен болады..

Фильм Сараның ғашығы Бектің "Махаббат кенеттен кезігеді, кезігеді де, сені ешқашан сезінбеген күйге бөлейді. Ол сені өзгертеді. Саған күш береді. Қанаттандырады.. Мен сені бүгін сүйемін. Ертең де сүйетін боламын және осылай, соңына дейін мәңгі сүйіп өтемін" деген сөзімен аяқталады.. 

Көрсетілім соңында фильмнің продюсері, актерлік құрамымен кездесу сұхбат өтті.

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова:

"Дайындық және  түсірілім үшін 3 айға жуық уақыт кеткен болатын. Мен касса үшін комедия жанрында емес, жастар үшін әдемі история түсіргім келді", деп, біраз сұрақтың жауабын қысқа қайырды.

Сонымен қатар, продюсердің айтуынша фильмге 50 миллион тг қаражат жұмсалған екен.

Сұхбат соңында, глобалды тіл жөнінде мәселе қозғалды. Продюсер бұл сұраққа "Бұндай киноның көрермендік массасын жинайтын 18-25 жастағы жастар мен жасөспірімдер екендігі түсінікті. Қазіргі жастар орыс тілінде ойлап, сөйлеседі ғой. Сол үшін киноның тез сіңімділігін ойлай келе, орыс тілінде түсіруге бел будым", деп жауап берді. 

Айта кететин жағдай, осыған дейін Г. Мамасарипова  тек қана қазақ тілінде сериалдар түсірген болатын.