Тірлікте іздеп жүріп өз бақытын...

Тірлікте іздеп жүріп өз бақытын...
жеке
блог

Тірліктен іздеп жүріп өз бақытын,

Табалмай кетсем дағы, армандаймын.

Жоғалтып уақытты да алғандаймын,

Сарылып сағым соқса сағыныштан,

Өзімді қоярға жер таба алмаймын.

Бақытты белестерден іздемеймін,

Келеді ол бір күні түзде деймін.

Сағынышқа айналған бақытымды,

Күліп еске алармын келсе кейін.

 

Келсе кейін -

Көп күттім деп өзіңді еңсермеймін,

Бақыттымды жариялап теңселмеймін.

Жай ғана қуаныштан келген маған,

Жүрегіме сақталар кездер деймін.

 

Кездер деймін -

Кездерге күлімдеймін, езілмеймін,

Ол баяғы жастық шақ кезім деймін.

Самал болып кеткен соң оралмайтын,

Оралмайтын шақтарға сейілмеймін.

 

Сейілмеймін -

Армандарға қанатсыз жетелейтін,

Жүрегімнің соққаны екен деймін.

Сондықтанда өмірдің жолдарында,

Қиыншылық болсада сездірмеймін.

 

Сездірмеймін -

Саған деген сезімнен көз ілмеймін.

Арманыммен аттырып ала таңды,

Уақыттың өткеніңде мен сезбеймін.

Сонда да бұның бәрін бұрмалаумен,

Саған қалайда болса сездірмеймін.