Биге көзқарасыңыз қалай?

Биге көзқарасыңыз қалай?
жеке
блог

Өмірде бір нәрсемен жанын беріп айналысатын адамдарға әрдайым қызығамын. Мейлі ол тігінші болсын, әнші болсын, суретші болсын... Кейде қарапайым нәрселердің өзінде үлкен даналық жатқанын білмей де қаламыз. "Адам бақыты  - сүйікті ісі, жары, достары" дегенді көп естіп жатамыз. БІрақ сөздердің шындығына өз тәжірибеңмен көз жеткізгенде ғана сенесің. Солай бүгін жанымызды жадыратар сүйікті істер жайлы әңгімелессек. 

Жақында бір жақсы мақала оқыдым. Жалқаулық жайлы:) Адамда жалқаулық құлықсыздықтан, істеп жүрген ісі ұнамайтындықтан пайда болады екен. Сондай-ақ жалпы әр нәрсеге құлықсыздық, жалқаулық адам бойындағы энергияның аздығын көрсетеді. Ал күнделікті энергияңыздың тасып жүруін қаласаңыз, онда жаныңызды мәпелеп сүйікті істеріңізбен жиі айналысу керек. 

Менің жанымды жадыратар істер көп: сәндену, ән айту, билеу, жазу, т.б. 

Әсіресе би тек қана көңіл-күйді көтеріп қоймайды, физикалық формаңды бір қалыпты сақтып, одан ары жетілдіре түседі. Жалпы өмірде әйтеуір бір қозғалыс ағзамыздың өмір сүруін демдеп отырады. 

Бимен кішкентайымнан айналысамын десем болады. Бірақ кәсіби түрде емес:) Өсу процесімде, әр жаста үзіп-үзіп қатысқаным бар. Балабақшада жүргеннен бастап, әр түрлі халық билерін, мектепте бальный, тинейджер кезімде хип-хопқа қатысқаным бар. Ал қазір гоу-гоу, заманауи биге ара-тұра барып тұрамын. Мүмкін болашақта шығыс биіне барармын. Ойланып жүрмін:) 

Ал өмірін бисіз елестете алмайтын мына жастармен әңгіме мені тіпті шабыттандырып қойды: 

Азамат, 30 жаста, кәсіби биші:

Менің негізгі мамандығым пиаршы. Бимен кәсіби түрде он жылдан астам уақыт айналысып келемін. Басында break dance-пен бастаған болатынмын, қазір hip-hop билеймін, әрі қаламыздағы түрлі би студияларында жаңадан бастап келе жатқан бишілерге би үйретемін. Байқауға келетін болсақ, маған ұнап жатыр. Қатысушылардың бәрі белсенді.

Сергей, 18 жаста, Алматы:

Мен А.В.Селезнев атындағы хореография училищесінде оқимын. Сегізінші сыныптан бастап бимен айналысамын. Бүгінде балет, халық билері мен заманауи билерді билеймін. Бұндай батлға бірінші рет қатысып тұрмын. Би деген мен үшін сезімдерді білдірудің бір тәсілі деп білемін.


Ал балет деген тіптен менің қол жеткізсіз арманым шығар:) Кішкентайымнан ата-анам қарсылығыма қарамай, балетке бергенде қазірде "Анна Каренинада" қалықтап жүрер ме едім. -_-

«Балет — психологиялық драманы жеткізудің ерекше амалы болумен қатар, адамның сана-сезіміне енудің де бір тәсілі." депті Борис Эйфман. Иә, ең бастысы, сұлулыққа, іңкәрлікке деген құштарлығымыз жойылмаса екен. 

посттарды толығырақ оқу