Жуырда Құрманғазы оркестрінің шығармалар жинағы жарыққа шығады

Биыл - ұлттық музыка мәдениетінің мақтанышы – Құрманғазы  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 85 жыл толып отыр.

Мерейтой аясында және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұлттық өнер ордасы күні кеше Ресей мен Қытай елдерінде гастрольдік сапармен болып қайтты. Сонымен қатар, биылғы жылы оркестр көптеген тың жобалармен тыңдармандарын тамсандырғаны да баршаға мәлім.

Фото: Концерттен

85-жылдық мерейтойды осылайша жоғары деңгейде атап өтіп жатқан Құрманғазы оркестрі қазіргі уақытта жеке антология дайындауға қызу кірісіп кетті. Екінші рет жарыққа шығатын бұл жинаққа оркестр орындаған таңдаулы шығармалар– күйлер мен әндер кіреді.

 

 

Оркестр басшылығының айтуынша, антологияға дайындық жұмыстары алдағы 10 күнді қамтиды деп жоспарлануда.

Фотолар: Дайындық алаңынан



Бөлісу: