жеке
блог

"Сау болу - сәнді" Отырар-Түркістан веломарафоны" Отырар ауданынан бастау алды

 Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды "Жастар жылы" деп жариялағаны белгілі. Осыған орай елімізде жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға шақыру мақсатында ауқымды шаралар жүруде.
 Бүгін «7 сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне»  орай Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданының 100-ден аса жастарының қатысуымен "Сау болу - сәнді" Отырар-Түркістан  веломарафоны" Отырар ауданынан бастау алды.
Ұстаз жерінен шәкірт еліне жол тартып, киелі де қасиетті қос өңірдің байланысын дәріптеуге арналған шарада Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы сәттілік тіледі.
  - "Құрметті бүгінгі марафонға қатысшылар! Денсаулық  бірдің  ғана  емес, мыңның   байлығы,  баршаға ортақ ең басты  байлық. Денсаулық  ел  дамуының  басты  арқауы. Киелі Отырар ауданынан бастау алатын бұл шараның маңызы өте үлкен. Біріншіден жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болса, екіншіден "Ұлы Жібек Жолы" бойындағы ежелгі Отырар қаласының кешегі тарихын танып - білуге құштар азаматтардың назарын бұру, яғни, туризмді дамыту болып табылады. Сондықтан еліміздің ертеңгі болашағы дені сау, білімді жастарға сәттілік тілей отырып, мемлекетіміздің дамуы жолында еткен еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер деген ізгі тілегімді жеткізгім келеді,- деді аудан әкімі Ерлан Айтаханов.
 Бабтардың бабы атанған Арыстанбаб баб жатқан киелі жерде жалауын көтерген веломарафон Қ.А.Яссауидің мәңгі тұрақтаған қасиетті қала Түркістанда қорытындыланатын болады. 
 
Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі