Әсер етпей қоймайтын бес фильм

Әсер етпей қоймайтын бес фильм
жеке
блог

Армысыздар, қадірлеуге лайықты массагеттіктерім! Алдағы демалыс күндері ыстық шәй мен тәтиілеріңізді қолға алып, мен ұсынған фильмдерді қараңыз! Бұл тізімге енбеген біраз кинотуындыларды көрмеген болсам, тағы бір бөлігі онсыз да бәріне мәлім. Сонымен:

Суық тау(Холодная гора)
2003 жыл

Ұзақтығы: 148 минут

Басты рөлдерде: Николь Кидман, Джуд Лоу,  Рене Зеллвегер 

Суық тау

АҚШ-тағы азамматтық соғыс кезіндегі махаббат драмасы. Алғашында актерлық құрамы мен атауы қызықтырған фильм ерекше көркемдігімен баурап алды.
Сондай сұлу, ақсүйек Ада есімді арудың ғашығы Инманға жазған хаттары хикаяның басталуына себепші болады және адал махаббатты сипаттайды. Олардың
сезімдері соғыс қасіреті мен қиындығы, арамдық, қатыгездік пен үмітсіздік, қорқақтық, ашкөздік сынды былықтардың жанында баяндалады.
Өздері танысып, серттескен Суық тауда сүйіктісін қалдырып, өзі соғысқа аттанған Инман сезімдеріне қарсыласа алмай, абыройды қойып, соғыстан қашады, дезертир атанады. Бар тілегі Суық тауға жетіп, сүйіктісімен қауышу. Бұл жолда ол көптеген қиындықтарға жолығады, бірақ үнемі жолы болып, жақсы адамдар кез болады.
Ал нәзік, сезімтал және жақындарынан алыстап көрмеген Ада Монро болса жалғыздыққа бойын үйретіп, тылда еңбек етеді. Соған қарамастан ғашығының келетініне,
Суық тау етегінде қайта кездесетініне сенеді. Бір күні оған көмекке Руби есімді көңілді, өмірге құштар, ауыр жұмыстарға еті үйренген сенімді қыз келеді.
Екеуі айналада болып жатқан қиындықтарды бірге өткеріп, күресе бастайды. Инман ше? Тағдыр оған аруын бір көруге мүмкіндік берер ме екен?
Фильмнен қызықты сюжетті, керемет актерлық құрамды, өмірге құштарлықты көріп, естен кетпейтін пианино үнін сезіне аласыз. Соңына дейін жібермей ұстап тұрады, көріңіз!
Суық тау

Джейн Остин

2007 жыл

Ұзақтығы: 120 минут
Басты рөлдерде: Энн Хэтэуэй, Джеймс МакЭвой
Джейн остин

XVIII ғасырдың соңы. Англия. Жазушы қыз Джейн Остин шынайы махаббатқа сенеді, бірақ, ағылшын әйелдерінің құқығы аса қорғалмаған заманда, ата-анасы оған ауқатты күйеу іздеуде. Бірде ол ирландық, қызыққұмар жас жігіт - Том Лефройды кезіктіреді. Алғашында мінездері қайшы келсе де, уақыт өте екі бірбеткей бірін бірі шын ұнатып қалады. Десе де, заманның талабы жағдайы нашар екі отбасыдан шыққан ғашықтардың қосылуына мүмкіндік бере ме?
Фильм көптеген танымал классикалық кітаптардың авторы жазушы Джейн Остиннің махаббат оқиғасы туралы. Махаббат дастандары бесстеллерге айналған ару өмірінің соңына дейін бір жанды ғана сүйді(Том Лефрой), сол адам кейіннен оның кітаптарының бас кейіпкеріне айналады.

Джейн остин
Басты рөлдерді Энн Хэтауэй мен Джеймс МакЭвой сомдаған, ал ендікинокартинаның қаншалық шынайы, әдемі болатынын елестете беріңіз! Қос актердың арқасында ғашықтардың ұрлана қараған көзқарастары, көздері түйіскен сәттегі мимика, бірбеткей мінездері, күлкі, реніш, мұң, бәрі шынайы шыққан, ғажап! Фильмнен көз тартар табиғатты, қарапайым ағылшын халқының тұрмысын, кітапқа деген, әдебиетке деген құлшынысты,
кіршіксіз таза махаббат, нәзік контрданс биі пен ғажап костюмдерді көре аласыз. Сонымен бірге, көзінде от ұшқындап тұрған жастардың ойындары, әзілдері мен өзімшіл мінездері фильмге көрік беріп тұрғандай. Сізге ұнайды, тамашалаңыз!
Джейн остин
Өтем( Искупление )
2007 жыл

Ұзақтығы: 120 минут
Басты рөлдерде: Кира Найтли, Джеймс МакЭвой, Сирша Ронан
Искупление

Сценарий, операторлық жұмыс, актерлық құрам, режессура - бәрі жоғарғы деңгейде. Бұл ешкімді бей-жәй қалдырмайтын сондай әдемі, санада ұзақ сақталатын,
тере? фильм. 13 жасар Брайони жас та болса талантты, қиялы ұшқыр жазушы қыз. Оның қиялының әсерінен бағбанның ұлы Робби мен әпкесі Сесилияның махаббаты
сондай әділетсіз, мұңды көрініс тапқан. Өзгенің тағдырын бір сәтте өзгерте салу мүмкін бе? Ақымақтықпен жасалған қателікті өтеу үшін қанша уақыт керек?
Бір емес, бірнеше жанның өмірін түбегейлі өзгерткен 1935 жылғы маусымның кеші... Бас кейіпкерлердің ғұмырын сол түнге дейін және кейін деп бөліп қарастырсақ та артық емес: қос ғашық айрылды, бейбіт заман аяқталды, пәк денені күнә басып, көкіректе ұят қана қалды.

Искупление
Махаббат оқиғасынан басқа:
Соғыс...қатыгез, жиіркенішті, баяу.
Махаббат...басталған, аяқталмаған.
Ұят...бір сәттік ақымақтықтан туып, өмір бойы мазалаған.
Жазушылық...қиындығы, идеялар күресі, талғам.
Фильм жалықтырмайды, өзіне тән атмосферасы бар, ләззат аласыз. Көріңіз, бағалаңыз.


Нокдаун

2005 жыл

Ұзақтығы: 144 минут
Басты рөлдерде: Рассел Кроу, Рене Зеллвегер
Нокдаун

Кинофильмнен нағыз ер азаматтық бейнесін көрдім. Арманны? орындалатынына дәлел болған америкалы? боксшы Джим Брэддокты?(кейде Золушка-мужчина деп атайды) 

тағдыры мен отбасын негізге ала отырып, "Ұлы депрессия" кезіндегі халықтың хәлін сипаттайды. Брэддоктың өзі аш жүрсе де бар тапқанын балаларына тосқаны, карьерасын тастауға мәжбүр болғаны, десе де
боксқа қайта ораламын деген арманы орындалып, сүйікті ісімен отбасын сақтап қалғаны, қамқорлығы, күші, жігері, махаббаты және сөзге беріктігі - көрерменге үлгі. Фильмді сол кезеңге түсіп кеткендей қобалжып, бас кейіпкерлер үшін уайымдап және "енді не болар екен" деген қызығушылықпен көріп шықтым. Сюжет өзіне байлап алады, актерлық құрам сендіреді.
Фильмде нокдаун сөзін бокс термині ретінде ғана емес, адам өміріндегі тізе бүгіп құлаған сәтті сипаттайтын фраза ретінде қолданған. Сондықтан, бұл бокс туралы емес, қиын тағдырды суреттеген әдемі драма.

Нокдаун

Миллионға бағаланған балақай(Малышка на миллион)

2004 жыл

Ұзақтығы: 132 минут
Басты рөлдерде: Клинт Иствуд, Хилари Суонк, Морган Фримен

Нокдаун

Бұл фильм туралы қысқаша жеткізе алмағандықтан, сіздерге толық рецензия ұсынғым келіп отыр. Оқыңыз!

Р.S. Назар қойып оқығандарыңызға көп рақмет!

Өзіңізге сүйікті фильмдерді жазып кетіңіз, мен де көрейін!

Келесі көріскенше!