Шымкенттің қызымын!

Шымкенттің қызымын!
жеке
блог

Оңтүстіктің, Шымкенттің қызымын! Шошып кеттіңіздер ме?! Ал неге? Иә, шынында да Шымкенттіктерден шошитындар көп. Неге екен? "Шымкентский вариант" деген тіркестіңде қолданысқа енгеніне біраз болды. Жалпы Шымкенттіктер басқаларға "бөжек" болып көрінетіндей қай мінездерімен жақпай қалды екен? Менің бір білетінім, Шымкенттіктер жайлы сондай әңгімені айтатындардың көбісі Шымкентте болмаған, Шымкенттіктермен араласпағандар. Менде жолда көп жүремін, әр өңірдің жолаушыларымен сапарлас боламын. Сонда осындай әңгімелерді көп естимін. Сосын мен олардан сұраймын: "Сіз Шымкентте болып көргенсіз бе? Сіздің Шымкенттік танысыңыз немесе досыңыз бар ма?" деп... көбісі күмілжиді. Иә деп жауап бергенінің өзі қарқ қылмайды. Сонымен Шымкенттің (басқалар үшін жауап бермей-ақ қояйын) қызы қандай болады? Мен өзімде бар қасиеттерді (яғни "Шымкентский" тәрбиеден алғандарымды) айтайын. Сосын Сіздер "шошып" кетсеңіздер айтыңыздар... Сонымен: 1. Мұғалімнің қызымын. Өте жақсы оқыдым. Мен үшін әке-шешемнің абыройы бірінші орында тұратын. (Бұл деген сөз мектеп пен үйдегі тәртібімнің қатаң қадағалауда болғандығын және ата-ананың орны мен үшін бөлек екендігін білдіреді...) 2. 4 жасымнан бастап бала бақтым. Яғни өзімнен кейінгі 4 бауырымның тәрбиесіне бірден-бір қатысым бар. (Бұл дегеніміз кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда баланың бабын таба алатынымды білдіреді); 3. 5 жасымнан бастап тамақ істедім, мамамның табаға салып берген нанын өзім пісіріп ала алтынмын (Бұл да жаман нәрсе емес қой. Қолынан тамақ істеу келетін қызды қаламайтындар бар ма?); 4. Мектептің барлық іс-шарасына қатыстым. Ән айту, би билеу, кез-келген жанрдағы көріністе ойнау, мерекелік кештердің сценарийін жазу, жүргізу... (Бұл дегеніміз қазіргі кезде қандай орта болмасын өзімді еркін ұстап, сол ортаның адамы болып кете алуыма себеп); 5. Үйге келген қонақтарға дастарханды дайындап, жасап, күтіп алып, шығарып салуға дейін бізге үйретті. (Бұл дегеніңіз қай жерде жүрсемде бөтен ортамен тез араласып, бөтен кісілердің көңілін таба алуыма септігін тигізді); 6. Мектепте қалай оқып, қандай беделді болсам, Университет қабарғасында да осы статусымды жоғалтқан жоқпын. (Бұның барлығы отбасымда қалыптасқан сана-сезім мен тәрбиенің негізі.) Ұстаздарыммен әлі күнге дейін байланыстамын. 7. Бір көрген адамыммен ешқандай проблемасыз тіл табысып кете аламын. (Өйткені мені жастайымнан қонақ күтуге, үлкенмен де кішіменде тіл табысуға үйреткен). 8. Әкем кішкентайымнан "Ұлық болсаң, кішік бол" деп үйретті. Қай жерде болмасын, үлкендердің алдын кесе көлденең өтпеуімізді айтты. (мен ұстанатын принцп осы!)) 9. Қазақтың салт-дәстүрін, жөн-жоралғысын,Халық әндерін, онымен қоса Шәмші атаның әндерін жатқа білемін, әрине ел аузына жеткендерін. Сәлем саламын, орамал тағамын, сиыр сауамын, аула сыпырамын...(неменеге шошиды осыдан) (Бұл деген менде ертең ұрпағымды қазақтың тәрбиесімен, ұлылардың ұлағатымен тәрбиелей алатынымды көрсетеді); 10. Қазақты, Ұлтымды, елімді-жерімді суйемін. Тілім - мақтанышым, дінім - байлығым!!! Бұл тізімді соза берсек соңы жоқ сияқты. Кім қалай қабалдайды, оны әркімнің патша көңілі біледі. Бірақ Сіздер бұдан Шымкенттен шыққан әр қызда осы қасиеттердің барлығын білгендеріңізді қалаймын және Шымкенттің қызы екен немесе Шымкентский екен деп шошып кетпесеңіздер екен. Маған осы тәрбиені беріп отырған әке-шешеде Шымкенттікі. Бірақ олар мен адамдармен тіл табысуды үйретсе, біреудің нанын тартып жесін деп емес, қай жерде болмасын өз орнын таба білсін деп үйретті... Шошитындай бірнәрсе бар ма???