Ал, ағайын, ағайын,
Жұмбағымды жасырайын,
Жауабын тапқан жанға,
"Жарайсың" деп айтайын
Ол массагеттегі бір жан,
Ойында жатқан сан арман,
Жазады комментті өлтіріп,
Ешкім қарсы оған шыға алман
Жазбалары бар мықты-мықты,
Тікенді тілімен талайды жықты,
Ақыл-кеңесін де аямас,
Әзілі де бар оның қызықты
Сонымен, бұл кім болып шықты?!