Жан анам

Жан анам
жеке
блог

Анам менің,түн ұйқысын төрт бөлген,

Сенсің мені аспанменен тең көрген.

Әлдилетіп бесігіме бөлеген,

Өмір сырын жүрегіме енгізген.

 

Сенен артық жақын адам таппадым,

Жадырап күлгеніңді қаладым.

Бір ғана мақсатым бар алдым да,

Мен сені бақытты ету арманым.

 

Айналсам сынығына сен асылдың,

Шыңына шықсам деймін сендей шыңның.

Қарызымның бір пайызын өтесем де,

Орындалды бір бөлшегі арманымның.

 

Сендей ана жоқ екенін білемін,

Қолдауың мен сенің ғана келемін.

Сен ғанасың өмірдің жалғыз мәні,

Сенсіз өмір керек емес,

Жалған бәрі!