Жүзім

Жүзім
жеке
блог

Қожа есегіне жүзім артып жатса, қаумаласқан балалар:

-   Ата, бізге де жүзім беріңізші! — деп шуласады.

Қожа байқап- қараса, әр балаға бір-бір шоқ жүзім берсе, қорапта жүзім қалмайтын түрі бар. Сосын әр балаға бір-бір талдан ғана үзіп береді.

-  Ата неге аз ? — дейді балалар.

Қожа күліп :

-   Бұл қораптағы жүзімнің дәмі бірдей. Біреуін жесең де , бір шоғын
жесең де айырымы жоқ,- депті. (нәпсіні тыю жолын ұсынады.)