Кітапханам толықты бір кітаппен...

Кітапханам толықты бір кітаппен...
жеке
блог

Біссіміллә!

Жалғасұлының жеке кітапханасы тағы бір кітаппен толықты...

Жақында Ақтау қаласында Маңғыстаулық ақын Рақат Қосбармақовтың жыр кеші өтті. Сегіз жасында өлеңге деген құштарлық жетелеп, осы күнге дейін "әдебиет" деген әлемде қалам сілтеп жүрген айтулы ақын, қарымды қаламгер, белгілі журналист. Міне сол кісінің "Атажұрт" деп аталатын соңғы жыр жинағы менің қолыма тиді. 

 Өлеңдерін оқып отырсаң ешкімге жалтақтау яки жалпақтау жоқ, айтарын бүкпей ашық айтқан. Кітапты оқып әлі тауыса алмай жатырмын, сөзі әркімге алдыра бермейтіндей астарлы жазылған. Негізі оқып, көңілге тоқитын жерлері көп. Кітапханаларда немесе кітап дүкендерінде бар болса алып оқуға кеңес беремін. Тамаша кітап...