НЕГЕ?

Ақша...

Ақшаның құдіреті...

Сонда ақша деген не? Жәй ғана қағаз емес пе? Онда неге адамдар сол қағазға тәуелді? Демек, құнды қағаздар болды ғой. Қанша құнды десек те, бірақ ақшаны Құдай емес сол Құдайдың құдіретімен адамның өзі жасап шығарады емес пе?!  Ендеше, адамдар онсызда күрделі өмірлерін осыншама неменесіне  күрделендіре береді?

Сіз бір сәт осы жайында ойланып көрдіңіз бе?

Бәрі жақсы, жайлы өмір сүруге ұмтылады. Жақсы, жайлы өмір сүру үшін не керек? Әрине ақша. Мәселен, осы ақшаны табу үшін қаншама тағдыр иелері тер төгіп, адал еңбек етеді. Күреседі, жарысады. Кейде ұрлыққа, қылмысқа итермелейтін нәрселерге барып, күнәға белшеден батып жатады. Сол ақшаның жолында сүрініп, жығылып, адасып, бүлініп жүрген тағдырлар қаншама...

Ұсақ-түйекті мәселелерді сөз қылмай-ақ қоялық. Мысалы:

Күрделі операция жасату үшін дертіне шипа іздеген науқастар...

Таланты бар бірақ, ақшасы мен беделді тамыр-танысы жоқ өнерпаздар...

Басында жеке баспанасы жоқ пәтер жалдап тұрып жатқан адамдар...

Әлемнің түкпір-түкпірінде аш-жалаңаш өмір сүретін халықтар...

Табиғат апатының салдарынан көмекке зәру мемлекеттер...

Адамның күнделікті тұрмысында қажеттілігін өтеуге кететін шығындар...

Адамдардың бір тобы билікке ұмтылады, соған жету үшін небір амал-айлаларды қарастырады, тұзақ құрады.  Ал, сол адамдардың бір тобы сол билікті ешкімге бермей тізгіндеп ұстап отырады. Қарсы келіп, қауіп төндіргендерін  көзін жойып отырады. Осының бәрі не үшін? Билік деген байлық. Ал байлық дегеніміз сол ақша емес пе?

Жарайды. Қарапайым халықтың бәрі миллионер болып кетпесе де жап-жақсы өмір сүруге болмай ма? Түптің түбінде қарапайым халықты қинамай, қанамай-ақ, өз ақшасын өздері шығарып өз мәселелерін өздері шешіп отыра берме ме байбатшаларымыз. Өз қолдарында тұрған ақшаны неге көөөөөөөөөөп етіп шығармайды екен а? Құда да тыныш, құдағай да тыныш болатын. Десең иә! ))) Сіз қалай ойлайсыз?



Бөлісу: