Қазіргі аналарға оңай ма?

Қазіргі аналарға оңай ма?
жеке
блог

Қазір үй ханшайымдарының өмірі жеңілдеді. Кір жуғыш машинада киім жуылып жатырса, мультипісіргіште түскі ас дайындалуда. Ал кешегі сорпаны жылыту үшін қысқа толқынды пешті қоссаңыз болғаны.

Бұрын ата-аналар тамақ немесе киім алу үшін көпсағаттық кезекте тұрған. Қазір балалар киімін сататын дүкендер саны көп. Тіпті, бала еркелеп, киімді таңдап тұрып алады. Балаға қосымша тамақ беріп бастағанда көкөністерді үккіштен өткізетін, ал қазір дайын балалар тағамы толып жатыр. Бұрын жаялықтарды  қолмен жуды, ластанған киімдерді жинап, қолмен немесе толық емес циклдік машинамен екі аптада бір жуатын. Бұрын мультфильм көру үшін газеттегі бағдарламаны қарап, уақытын анықтап, күтіп отыратын. Қазір мультфильм көрсетуден оңай нәрсе жоқ. Оны кез келген жерде кез келген экраннан көруге мүмкіндік бар. Қазір түрлі қызметтерге дейін бар. Мысалы, бір сағаттық бала бағушы мен дамытушы орталықтар көп.

Өркениеттің дамуымен қазіргі аналардың жиі еститін сөздерінің бірі мынадай: "Қалай шаршайсың? Біздің уақытымызда от жақтық, киімді қолмен жудық, нан пісірдік және т.б." Алайда бұл сөзді тек сіз емес, сіздің анаңыз да естіді. Әр кездің өз жеңілдігі мен қиындығы бар. Тас ғасыры болсын, қазіргі дамыған заман болсын аналардың міндеті бір болып қала береді. Яғни, сау әрі қазіргі тарихи кезеңге бейімді адамды тәрбиелеу. Міндет өзгермейді, уақыт талабы өзгереді. Қазіргі уақыт ата-анадан баланың жақсы болашағы үшін оған бар күшін салуын талап етеді. Баланы ерте дамыту кең таралуда. Тіпті, құрсақта жатқан балаға арналған пайдалы кеңестер, оны сол кезден бастап дамыту туралы да ақпараттар бар. Сонымен қатар, табысты әйел бейнесі қалыптаса бастады. Заманауи әйел шаңырақта жайлылық сақтауға, табысты маман болуға, оқи алатын, тыңдай білетін, дами алатын қызықты адам болуға және сұлулығын сақтауға тырысу керек.

Әйел бұл бағыттарды жүзеге асыра отырып, қамқор ана болу қажет. Баланың ойын тыңдау, қызығушылығын сұрау, дұрыс бағыт көрсету және баланы сол күйінде қабылдай алу қажет. Заман талабына сай болу үшін және білімін жоғарылату үшін баланы репетиторға, курстарға және сапарларға жіберу керек болады. Оны төлей алу үшін әйел күйеуі екеуі бірге жұмыс жасайды. Баланы курстарға беріп қана қоймай, одан нәтиже болу үшін кешке үй тапсырмасын орындап, бірге меңгересіз.

Сонымен, бала тәрбиелеуде әр кезеңнің өз қиындығы бар. Өз балаларыңызға ешқашан "сенде бәрі бар, қалай шаршайсың" деп айтпауға тырысыңыз. Олар өскен кезде прогресс таңғаларлықтай болғанымен, уақыт талабы да соншалықты қиынырақ болады.