Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Миядзакидің сиқырлы әлемі

Миядзакидің сиқырлы әлемі

Миядзакидің сиқырлы әлемі

Балалық шақ...<

Тамаша естеліктерге толы өмірімнің бір бөлігі.<

Қайтып келмейтіні өте өкінішті...<

Бала кезімнен   мультфильмдерді көргенді қатты жақсы көретінмін. Міне, қазір де сол әдетім аяқсыз қалмады. Мультфильмдерді көру – сүйікті ісімнің бірі.  Бүгінгі мақаламда мен «жапондық Дисней» атанған режиссер-аниматор Хаяо Миядзакидің  туындылары  туралы сөз қозғамақпын.  Негізінде жапондық мультфильмдер «аниме» деп аталады.<

            Мульт туындылар тек балаларға ғана арналған дүние емес,  оны ересектер де сүйіп көреді. «Неге?» десеңіз, ересектерді балалық шағымен байланыстыратын  ескі альбомдағы суреттер ғана емес, естеліктерге толы сәттерді еске салатын мульт туындылар да. Кейде сол тәтті сәттерді сағынғанда, ноутбугыма жүктелген  анимелерді  қарап, сенбі-жексенбі күндері теледидардан мульфильмдерді асыға күтетін кішкене қызды есіме аламын.<

Кішкене кезімнен Хаяо Миядзакидің анимэлерін көріп  өстім. Оның әрбір туындысы жақсылыққа, сиқырға, дидактикалық сарынға толы.  Анимелерін  көрген ересек, не бүлдіршін болсын сол сәтте туындыны ұнатып қалады. Бала күннен көрген естеліктерді,  естіген фольклорлық туындыларды ол өзінің мультфильмдеріне арқау ете білген.  Соның арқасында әрбір жапон баласы өзінің ұлттық мәдениетіне қанық боп өсті. Бұл анимацияның құдіреті.Хаяо<

Хаяо Миядзаки 1941 жылы 5 қаңтарда күншығыс елінің астанасы Токио қаласында дүние есігін ашты.  Ол Исао Такахато есімді режиссер-аниматормен бірлесіп «Гибли студиясының»  негізін қалады. Қазір де әлемге әйгілі  «Елес ерткен»,  «Менің көршім Тоторо»,  «Хаулдың қамалы», «Ханшайым Мононоке»,  «Порко Россо»,  «Аспан қамалы Лапута»,  «Мыстанның жеткізу қызметі», «Жел күшеюде»  секілді туындыларын жарыққа шығарды.  Бұлардың барлығы жылдар өте келе өз танымалдылықтарын әлі де  жоғалтпады.<

Өзінің өнер жолында әйгілі режиссер көптеген қиындықтарды бастан кешірді. Тіпті алғашқы туындысы Хаяоның көңілінен шықпай, оны өртеп те жіберген. Хаяо Миядзаки екінші дүниежүзілік соғыстың қайнаған шағында дүниеге келді. Көпбалалы отбасының екінші баласы, Хаяо,  зұлмат  соғыстың зардабын бала кезден көріп,  фашизмді жек көретін  мықты пацифистке (пацифист – соғысты ұнатпайтын адам)  айналды. Тіпті оның соғысқа деген қарсылығы анимелерінде жиі кездеседі.<

Хаяо  мансап жолын ерте таңдады. Жоғары сыныпта ол «Ақ жылан туралы аңыз» атты анимацияны көреді де, мульт туынды  оған қатты әсер етеді. Міне, содан бастап  ол манга жазып, аниме түсіруді армандайды.  Миядзаки манга жазуды бастап, анимация әлемінің алғашқы қиындықтарына тап болады. Себебі, ол адам денесі мен сұлбасын мүлдем сала алмайтын болып шықты. Ал салған суреттерін сүйікті анимацияның кадрларымен салыстыра отырып,  ол жай ғана сол мультипликаторға еліктегенін түсінеді.Гибли<

1963 жылы Хаяо Гакусуюн университетіне оқуға түседі. Жоғары оқу орнында ол анимация әлемінен алыс саясат және экономика пәндерін оқиды. Дегенмен, Хаяо университет жанындағы кітап клубының мүшесі болып, еуропа әдебиетін, әсіресе, балаларға арналған әдебиетпен етене таныс болады.  Балалар әдебиетінен білімінің бар болуы, оның алдағы жұмыстарына оң әсерін береді.<

Миядзаки  анимация тарихына және мульт туындыларды сүйіп көрушілерге баға жетпес мульт картиналар алып келді. Әрбір өзін құрметтейтін «мульт сүйер адам» Хаяо мырзаның мына туындыларын көруі тиіс:<

  1. «Хаулдың қозғалмалы қамалы немесе Хаулдың қамалы». Бұл картина ағылшын балалар жазушысы Диана Уинн Джонстың шығармасының желісімен түсірілген. Әрине, кітап пен анимацияда біраз айырмашылықтар бар.  Оны сіз кітапты қолға алып анимациямен  салыстырып, анықтай аласыз.
  2. «Менің көршім Тоторо» . Бұл көпшіліктің сүйікті туындысы. Мұндағы басты кейіпкердің бірі – Тоторо «Гибли студиясының»  эмблемасына айналды.  Тіпті  2002 жылы Жапонияда ашылған студия мұражайының қызықтаушысы ең көп экспонаттың бірі.тоторо
  3.  «Ханшайым Мононоке» . Табиғат пен адам арасындағы күресті анимация арқылы жеткізе білген Хаяоның шеберлігінде шек бар ма?  Мұны өз көзіңізібен көріп, Табиғат-Анаға деген сыйластық пен қамқорлықты  еш ұмытпағайсыз...
  4. «Жел күшеюде». Бұл аниме сиқырсыз, ұшатын қамалдарсыз шынайы өмірді көрсетеді. Туынды жапон ұшақ  құрастырушысы,  әйгілі Mitsubishi A5M жойғыш-ұшағын ойлап тапқан Дзиро Хорикоси  жайлы.  Аниме арқылы автор ұшақ құрастырушылардың еңбегін Перл-Харборды жарып жіберуге қалай қолданылғанын ашып көрсетеді. Дәл осы аниме Хаяо мырзаға үздік толық метражды анимациялық  фильм үшін «Оскар»  премиясын сыйлады.

        Хаяо Миядзаки әлем мойындаған режиссер-аниматор. Оның туындылары өзінің бағасын жоғалтпақ емес. Әрбір анимесінің өзіндік мәні бар. Ол бүлдіршіндерді жақсы адам боп өсуге, елі мен жерін сүюге, ұлтының мәдени  байлықтарын бағалауға шақырады. Гуманисттік идеологияға негізделген туындылары дидактикалық  сарынды арқау етеді. Өзінің сүйікті жұмысы арқылы ол бірнеше ұрпақтар қатарын тәрбиелей білді. Мінеки, байқасаңыз анимация әлемі арқылы  саналы ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігі бар...<

       Тарихы терең, халық ауыз әдебиеті өте бай халықта жаңа заманда әлі күнге дейін ауыз толтырып айтарлықтай  сапалы анимациялық фильмдердің жоқтығы өкінішті-ақ.<

P.S. Миядзакидің туындыларын қазақ тілінде тамашалағыңыз келсе, "Ten iz" Group аударма тобының Вконтакте желісіндегі парақшасынан қазақ тіліндегі анимелерді көре аласыз. <

1
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 23 шілде 2018, 01:29
Тегтер: аниме, миядзаки, гибли, анимациялық фильм, аниме

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.