Мен не себепті журналист болғым келеді?
жеке
блог

Мен не себепті журналист болғым келеді?

Елінің ертеңін ойлап, келешегінен үлкен үміт күтіп, туған жері, Отаны үшін -басын тауға да, тасқа да соғатын төртінші биліктің өкілдері мені үнемі қызықтыратын. Патриоттық сезіммен, шынайы махаббатқа құрылған бұл мамандық-халық пен биліктің арасында байланыс жасап , бір адамның емес, біртұтас халықтың назын билікке жеткізе отырып, шебер де көркем тілімен ел-жұрттың айта алмағанын ешбір қиналыссыз баяндап беретін, нағыз дипломатиялық байланыстың тамаша көрінісі бола алады.  Менің ойымдағы журналистер- қиындықтың не екенінен бейхабар, өжет жүректі, адалдық пен адамдықты,шындық пен шынайылықты басқаларынан жоғары санайтын батыл адамдар.Қандай жағдай болмасын уытты тілімен, оралымды да ырғақты қазақтың сөздерін орынды қолдана біліп, жұмбақ әлемнің сырларын ашуға ұмтылатын, және оны бірінші кезекте елімен бөлісетін жаңалық жаршылары бүгінгінің батырлары десем де артық айтпаған болар едім. Әрине, бұның бәрі менің пайымдауымдағы журналистер. Әркім оларды әрқалай көреді. Себебі, олар өз ізін әртүрлі қалдыратын сырбаз мінезді, ұшқыр ойлы жандар. Сан торапта самсаған журналисттер салған сара жолдар өте көп. Кейде оларды көктегі сансыз жұлдыздарға теңеймін, аспан әлемінің иірімінде көздің жауын алар жұлдыздар әртүрлі пішінде кездеседі, бірі үлкен , бірі кіші ,алайда,  олардың атқарар қызметі біреу, ол- күн нұрынан кейінгі қараңғылық жалмаған аспанда , айдан кейін , өз сәулесімен жер бетінің көзін ашып , жарықтандыру. Тілшілер де өз кезегінде сан-салада қызмет атқарады, бірі спорт алаңында , енді бірі бейбіт елдің тамаша көрінісімен бөліссе, кей журналист елді ақпаратпен қамтамасыз ету жолында ұрыс алаңында да жүруі мүмкін . Оларда да мақсат бір -ақпарат , жаңалық арқылы елді барлығынан хабардар ету.  Ешбір жаңалықсыз, ақиқатсыз халық- қараңғы түнек жалмаған аспанмен тең. Ендеше, журналист ол- жұлдыз. Қулығы мен сұмдығы көп заманда , мемлекетті жарықтандырар шоқжұлдыз іспеттес. Менде өз жұлдызымның бейбіт еліміздің аспанында жарқырап жанғанын қалаймын. 

Жан-жақты, табанды , үнемі ізденіс үстінде жүретін, көрген -білгенін ақ параққа түртіп отырып, қаламын қару ретінде қолданатын журналистер- ел болашағынң мызғымас кірпіштерін қалауда , өз септігін тигізетіні белгілі.

Бұл мамандықты таңдағанымда, қиындығы мол саланың қолынан ұстағанымды айтқан, одан жеңілдеу мамандықты таңдап , қарапайым халықтың арасынан өз орныңды тап деушілер көп болатын. Алайда қиындығы мен қызығы басым бұл сала мені-өзінің күрделілігі ақылы мені тартқан болатын. Журналистика екеуміздің арамыздағы байланыс, яғни менің алғаш бұл салаға қызығушылығым 4-ші сыныпта басталған болатын. Сол сәттен бергі асқақ армандарымның бірі -журналист атанып, ліме қалтықсыз қымет атқару. Туған Отаныма септігімнің тигенін көру, қоғамы тек ақиқатпен қамтамасыз ету.

Шындық іздеп шырылдаған жас жүрегім- кішкене кезімнен әділетсіздікті ұнатпайтын. Ең бір жеккөрінішті адам бойынан кездесетін қасиеттердің бірі де осы әділетсіздік. Тіпті, кино, сериалдағы әділетсіз , тұрпайы бейнедегі кейіпкерлердің жасаған іс-әрекеттері - мені алаңсыз қалдырмайтын. Бетпердесі ашылғанша, сол туындыны, ашынған жүрегіммен тамашалай, ақыры ақиқатқа көз жеткізген сәтімде бір тыныш табатынмын. Бұл -ойдан шығарылған картиналар болғанымен де, әр нәрсенің соңында шындық желкені көтерілетінін ұғатынмын. Сол сәттен қазіргі күніме дейін үлкенді-кішілі әділетсіздіктердің куәгері болғаным рас. Алайда, ешқандай қарусыз ұрыс алаңында үнемі жеңіліс табатынымды түсініп, қаламымды қару етіп арқаладым. Қаламым арқылы ғана , бір пайдамның еліме тиетініне шұбәсіз сенемін.