РОНАЛДУ "ЮВЕНТУС" КЛУБЫНАН КЕЙІН ҚАЙДА АУЫСАДЫ?

Жорже Мендеш Криштиану Роналдудың туриндік клубқа ауысуына байланысты пікір білдірді. "Мен Роналду үшін қуаныштымын. "Ювентус" ол ойнайтын соңғы клуб болмақ. Оның мұндай шешімін қолдаймын" - деді агент. Сондай-ақ, португалиялық маман аталған трансфердің сәтті ұйымдастырғаны үшін италиялық әріптестеріне алғыс білдірді. Еске салайық, Роналду "Реал" сапында 9 жыл өнер көрсетті. Ал туриндік командаға 112 миллион еуроға ауысты. Корольдік клуб сапында Испания чемпионатын, ел кубогын және суперкубогын 2 реттен ұтқан. Бұдан бөлек, 4 мәрте чемпиондар лигасын, екі Еуропа суперкубогын және үш клубтық әлем чемпионатында жеңіске жеткен.    



Бөлісу: