Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Балаңызды үздік мектепте оқытудың 3 себебі

Балаңызды үздік мектепте оқытудың 3 себебі

Балаңызды үздік мектепте оқытудың 3 себебі

       Мен мектеп түлегімін. Қарапайым, кенттегі жалғыз мектепте оқимын. Бастауыш бітірген сәтте "Дарын", "Мұрагер" сияқты мектептерге түскім келген. Бірақ, ата - анам: "оқитын бала - қайда да оқиды", - деп тіпті, тапсырып көруге мүмкіндік бермеді. Сол кездегі өкініш, реніш әлі бар. Қазір сол мектептердің бірінде оқысам, басқаша болар еді - ау деп жиі ойлаймын. Қазіргі мектебім жаман демеймін. Тек, үздік мектептің аты үздік қой. Сондықтан, алғашқы блогымды "балалық өкінішімнен" бастап отырмын.

          Балаңызды үздік мектепте оқытудың 3 себебі:

          1. Балаңыздың араласатын ортасын дұрыс қалыптастырып бересіз

Бұндай мектептерде кез келген бала оқымайтыны белгілі. Балаңыздың күнде араласып, сөйлесетін ортасынан қорықпай - ақ қойуыңызға болады. Адамның дұрыс қалыптасуы үшін, араласатын ортасының 40% маңызы бар екені психологияда дәлелденген. Сондықтан, ең бірінші әрі ең маңызды себеп осы.

          2. Шет тілдерін тегін меңгеру мүмкіндігі

Қазір шет тілін білу заман талабы. Сол себепті де шет тілін үйрену курстары өте көп. Соған сай, біраз қаражат талап ететіні де белгілі. Ал осы мектептерде сіздің балаңыз тегін бір емес, бірнеше шет тілін меңгереді. Мысалы, "Білім - инновация лицейінде" (бұрынғы ҚТЛ) ағылшын мен түрік тілін өте жоғарғы деңгейде меңгеріп шыға алады. Өте ыңғайлы әрі тиімді.

          3. Балаңызға көп есіктер ашылып, үлкен мүмкіндіктері болады

Үздік мектептерде жай мектепке қарағанда мүмкіндіктер көп екенін мойындаңыз. Балаңызға болашақта қажет болатын көптеген есіктер ашылады. Көптеген жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады. Атақты адамдармен кездесулер де осы мектептерде жиі өтіп тұрады.

          Әр ата-ана баласымен мақтанғысы келетіні хақ. Ал балаңызбен мақтану үшін ең бірінші әрі ең маңызды қадам дұрыс мектеп таңдап беру. Осы қадамды жасауда қателеспеңіз. Балаңыз ең үздік, ең жақсы мектепте оқу үшін барлығын жасаңыз. Қазақстандағы үздік мектептер тізімін желіден тауып алыңыз, таныстарыңыздан сұрастырыңыз, ізденіңіз, балаңыз үшін. "Оқитын бала - қайда да оқиды" деген таптаурынды ұстанудан сақ болыңыз.

Рейтинг: +1

Автор: Zhaikal Bidolda
Жазылған уақыты: 07 мамыр, 21:44
Тегтер: үздік мектеп, балалық өкініш, мектеп, оқушы, ата - ана
Пікірлер
+0
10 мамыр, 13:57

6-сыныпта мені де ата-анам Алматыдағы Қазақ-түрік лицейіне "түрік болып кетесің" деп жібермей қойғанына ренжігенмін. Ал қазір қуанамын, мүмкін сол кезден бастап үйден жырақта өссем, тәрбием басқаша болып, жатақханада жатып оқыған басқа балалар сияқты жат бауыр боп кетер ме едім?! Сіздің де ренішіңіздің бір қайыры болар. Ата-ана баласына жаман болсын демейді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.