Қалай адамдарды өзіңе жұмыс жасатасың?

Қалай адамдарды өзіңе жұмыс жасатасың?
жеке
блог

   Кейбір адамдарға адамдарды билеп төстеп, өзінің айтқанын жасату қиынға соқпайды, солайма? Олар жылы орында отырып тек қол астындағы жұмысшыларға бұйрық беріп, шүйке басын сипап қойып, аспандағы айды тілеп отыратындар да аз емес.Ал, сол жылы орындықта отырған бастығының орнын барлық жұмысшы аңсайтыны ешкімге жасырын емес. Шіркін, сол орындықтың рахатын көріп, бұйрықты бәрінің төбесінен шашып отсам, қандай тамаша. Бірақ, ол кездің өзінде ол бастықтың үстіненде бұйрық беріп отыратын адамның бар екенін біле тұра. 

Сонымен, адамдарды өзіңе қалай жұмыс жасатасың? Немесе қалай бағындырасың?

    Бүгін, бастық болуды үйретпесем де, өз ортаңызда жүрген адамдарды сіздің идеяңыздың жандануына өз үлестерін қосуға үгіттеуге, немесе жұмыс жасатуға болады? Жауап беріп көрейін.

    1-ші қағида, мәселен, қандай адамға бір жұмыс ұсынсаңыз, ол жұмыстын оған әкелер пайдасынан бастаңыз, немесе оған керек болып жүрген аргументті алға қою арқылы, оның ойына жағымды жол табасыз. Өйіткені, адамдарға оған келер пайдасы, сізге келер пайдадан қызығырақ. Бұл жұмыста барлық пайда көзі тиімды.және ешқашан тек сол адам ғана бұл істі жасай алады деп айтушы болмаңыз. Өйіткені, "таңдау көп, бірақ менің ойымша сенің қолыңнан келетін сияқты"-деген сияқты сөздер көбірек әсер етеді.

    2-ші қағида, сіз жұмыс жасамасаңыз, сізге ешкімде, ешқашан жұмыс жасамайды! Сіздің жолыңыз болып, жұмыс орныңыздан бөлініп, өзіңіз компания құрып, адамдарға билік жүргізіп отырсаңыз болады. Бірақ, жұмысшылырыңыз шабаттанып, жұмыс жасауға құлшынып тұратынына ешқандай кепілдік жоқ.

   3-ші қағида, қателіктерін дұрыс ұсынуды үйреніңіз. Қателіктерін барлығының көзінше емес, жеке сөйлескеніңіз дұрыс, маған жұмыс жасайсың деп, айқайдың шабытынына ілігіп кетпей "Неге бұлай болды?"деген сүрақтармен бастаған дұрыс деп ойлаймын.

   4-ші қағида, өз жұмысыңыздың жоғарғы нәтижесіне қол жеткізбей тұрып, жаңағы адамға пайдасын есіне жиі салыңыз. Ал егер сіздің қол астыңызлдағы жұмысшы болса, жиі-жиі мақтап, жақсы қасиеттерін есіне салып тұрыңыз. Бұның алпауыт күші бар. Жақсы сөзді көбірек естеген адам тау қопарады. 

   5-ші қағида, қол астыңыздағы адамдарыңыз сізге бастық ретінде емес, қолдаушы, шабыттандырушы, ақылшы және үлгі тұтар тұлға ретінде қабылдау әлде қайда маңызды. Ондай болмаған жағдайда сізді жәй ғана естиді, бірақ тыңдамайды, құлақ түрмейді.

   6-шы қағида, УАҚЫТ-АҚША. Осыны сіз қалай ұғынасыз? Дәл солай ұғымдағы адамдармен жұмыс жасайсыз. Ешқашан ешкімді артқа тартпаңыз және тартылмаңыз. Өзіңізді жайсыз сезініп тұрсаңыз да,  оны жасырыңыз. Әрқашан жақсы ойларға құмар болыңыз. 

  Негізі, бір адамды өзіңізге жұмыс жасату үшін, ең алдымен өзіңіз еңбекке жанаңыз құмар болуы шарт. Тек сіздің болмасыңыз ғана басқа адамдарды сізге ғана емес сізбен жұмыс жасауға итермелейді. 

 

НАЗАР САЛЫП ОҚЫҒАНЫҢА РАХМЕТ!