Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Дайындығың қалай, жас түлек?

Дайындығың қалай, жас түлек?

Дайындығың қалай, жас түлек?

Мектеп бітіргенімізге де 7 жыл болып қалыпты. Бір қарасаң, аз уақыт та емес. Ал бір қарасаң бәрі де кеше болған секілді. Зымыраған уақыт...

7 жыл ішінде білім саласында талай өзгерістер болды. Бірін білсек, бірін біле бермейміз. Әрине, артымнан ерген іні-қарындасым болғанда біліп жүрер ме едім. Мұны неге айтып отыр деп ойлаған боларсыз... Себебі жас түлектердің мектеп бітіріп, тест тапсырып, студенттік шаққа қадам басар шағы жақындап келеді. Көпшілігі болашаққа бағдар жасап үлгергенмен, қандай жолмен жүрерін біле бермейді. Иә, жол табылар. Бірақ өзі қалаған жолға түскесі келетін жасқа жол сілтер жандардың кеңестері аз көрінеді кейде...

Жас түлектің болашағына жол сілтер, дұрыс бағыт-бағдар көрсететін жандар – ұстаздары мен ата-аналары. Кейде ұстаздар мен ата-аналар да біле бермейтін сұрақтар болады. Ондайда оқушы не істеу керек? Әрине өзі ізденіп, таңдаған мамандығына қалай түсудің жолын сұрастырары анық. Алдымен неден бастау керек?

Әу бастан ескеретін дүние – мамандығыңа қатысты пәнді таңдау. Бұл қиынға соқпас. Жыл сайын оқушыларды тестке дайындап, оқуға түскеніне дейін назарда ұстайтын ұстаздар пән таңдау мен дайындалу жайында қате кеңес бермесі анық.

Қайда оқығың келеді? Сен таңдаған мамандық қайда бар? Осы екі сұраққа жауап табу керек. Мысалы, журналистика немесе әскери мамандықтар бойынша оқуға тапсыруда кешігіп қалатындар болады. Мысалы, шығармашылық емтихан уақытын білмеу немесе өзге қаладан жетем дегенше үлгермей қалу дегендей...

Оқитын жоғарғы оқу орның мен мамандығыңды таңдағаннан кейін бар ақпараттан хабардар болып отыру керек. Ол үшін оқу ордасының ресми сайтына кіріп, қабылдау бөліміне немесе сол кафедраның телефон нөміріне хабарласып ақпарат алуға болады. "Өткен жылы осындай уақытта болған, биыл да солай шығар" деген секілді ақпараттарға сенбеу керек. Бәлкім, уақыты мен ережелері өзгеріп кетуі бек мүмкін ғой.

Әлеуметтік желі қолданушыларынан кеңес сұрау. Мектеп бітіруші түлектер мамандықтары жайлы кеңірек білу үшін ағайын-туыстарынан, таныстарынан кеңес сұрап жатады. Тіпті әлеуметтік желі арқылы сол салада жүрген мамандарға да жазады. Мысалы, жыл соңына қарай әлеуметтік желіде маған да жазатын оқушылар саны артады (басталып та кетті). Көпшілігі, "Журфакқа қалай түсуге болады? Қандай пән таңдаймын? Қалай телеарнада жүргізуші бола аламын? Шығармашылық емтихан уақытын біліп бере аласыз ба?" - деген секілді сұрақтар жолдайды. Көпшілігіне жауап беруге тырысамын. Ал журфакқа түсу жайында болса, Массагеттегі сілтемелерді жіберемін. Кейде мен айтқан, мен берген ақпараттардың өзі жеткіліксіз болып қалуы мүмкін. Ондайда шынымен білмейтінімді айтамын. Болмаса, осы жайында сайтта толық ақпарат беретінімізді жазамын.

Әлеуметтік желіде кеңес сұрау пайдалы болуы да, пайдалы болмауы да мүмкін. Сол айтты екен деп, сене қалуға болмайды. Ол айтқан ақпаратты растап, сенімдірек болу үшін тексеріп алғаның абзал. Ол үшін жоғарыда айтқандай, қабылдау бөліміне хабарласқаныңыз дұрыс. Не хабарласуға мүмкіндік болмаған жағдайда өзге жолын қарастырған жөн (танысыңызға өтіну деген секілді).

Биылғы ҰБТ жаңалықтарын да жылдағыдай жіті қарап, қуанышты хабарларымен бөлісуге асығамыз. Әсіресе грант тізімі шыққанда сайтта алғаш болып жариялап, талай жас түлекті қуантқанымыз есімде. Ал биылғы бітіруші жас түлектер, дайындықтарыңыз қалай?

Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 16 сәуір, 16:46
Тегтер: ҰБТ дайындық, журналист болу, мамандық таңдау
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.