Махаббат трактаты

Махаббат трактаты
жеке
блог
Түп нұсқасы- "Aşk risalesi" Erdem Beyazıt 
Бұл алғашқы аударма өлеңім, көңілден шықса пікір қалдырсаңыздар
 
Сен менен махаббатым ұзақтасың, 
Ұзақтасың, сүйгенім жырақтасың, 
Ай-жұлдыздың жарығына шағылысқан 
Құлшыныспен аққан бір бұлақтасың. 
 
Міне бір күн бір шопанмен жолықтым, 
Аты Фархат п(а) еді білмедім мен ұмыттым, 
Әр қойларын, құстар, жәндік, гүлдерін, 
Жоғаларын біле тұра,
Адалдықпен сүйетінін мен ұқтым.
 
Жаңылысып, адасып жеттік бақытқа, 
Мәңгілік деп тасқа қашап жаздық та, 
Бізді өзіне байлап тұрды бұл сөздер 
Бастау болып алдағы бір шаттыққа... 
 
Жанымның сырын танытсам саған сүйіктім... 
Менің көңілім ашық теңіз, көк аспан, 
Жер жүзіндей жүрегім тот баспаған... 
Ал сен болса кейде бұлтсың мен үшін, 
Кейде ай, кейде күнсің көкте шарлаған...