Ұлағаты ұлы ұстазым!

Ұлағаты ұлы ұстазым!
жеке
блог

                  

     «Ұстаздық еткен жалықпас,
       Үйретуден балаға», - деген ұғымы мол, зор мән-мағынаға ие сөз әрбір балаға мектеп тәрбиесін үйретіп, қолына қалам ұстатып, өмірге деген көзқарас қалыптастырып,  бойына білім нәрін дарытып, әр оқушыға ой мен сана сезімдерін оятып, тарыдай болып кірген мектептен  таудай тұлға етіп шығару - мектептің жүрегі – ұстаз-ананың өмірлік міндеті. Осыдан 11 жыл бұрынғы балдай балалық шағымда мен де мектеп табалдырығын аттадым. Ең алғаш рет алдымнан  езу тартқан, қызыл костюмді мұғалима шықты. Ол- менің ең алғашқы ұстазым – Танабаева Тұрсын әпкей еді. Қолыма қалам ұстатып, «а» деген әріп үйретіп, бар білімін оқушыларынан аямаған ұстазым бүгінде талайлаған озық ойлы шәкірттерді ұясынан түлетті. Кішкентайдан қайсар, жалынды, «көздерінде от ойнаған», «сөздерінде жалын бар», талабы таудай бала болып өсіп, білім бәсекесінде ештеңеден тайсалмауға, төзімділік пен ұшқырлықты, білімділік пен саналылықты тең дәрежеде ұстауға үйретті десем артық айтқаным емес. Бүкіл бір саналы ғұмырын тұтас ұлттың болашағына арнайтын дара жандар – ұстаздар қауымы. Бейнеті мен зейнетінің, еңбегі мен маңдай терінің жемісін көріп келе жатқан аяулы да ардақты ұстазымды ынтымақ, бірлік күнімен тұспа-тұс келетін 50 жылдық мерейтойымен, мансап жолындағы 30 жылдық еңбегімен шын жүректен құттықтаймын!
 Сізге зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт тілеймін. Өзіңіз баптап отырған балуандарыңыз бабынан таймай,  бақтары еселеніп, «ұстаз» атыңызды ұлылап, білімнің ең биік тұғырынан көрініп, сіздің мерейіңізді үстем етер тәрбиелі де тәлімді жас ұрпақ болғай! Отбасыңыздан қуаныш, үйіңізден береке, жүзіңізден күлкі айырылмасын. Мен, өз кезегімде, сіздің шәкіртіңіз екенімді мақтан тұта, болашақта «бұл – менің шәкіртім» деп еңсеңізді тік көтеріп айта алатындай дәрежеге жетемін.
   Сізді тағы да төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын!