Сен де ме?(Түлектерге)

Сен де ме?(Түлектерге)
жеке
блог

  Иә,түлектер үшін мектеп партасындағы соңғы жыл ыстық әрі қайталанбас өмірінің сәттері болып қала бермек.Бітіруші түлектер үшін жыл сайын қайталанып отыратын ҰБТ атты сынақ бәлкім сіздерге алмас қамалдай көрінетін шығар.Бірақ...

 Мен мектеп қабырғасынан ұшып кеткен соң ғана түсіндім.Бәрі мектептегідей болмайды және мектептегі бағалар сіздің өмір жолыңызды айқындауға ешқандай пайдасын немесе зиянын тигізбейді.Сіз қай ортаға барыңыз,қай қалаға барыңыз-бәрібір.Сізді адам ететін үш қана нәрсе:ақыл,еңбек,көркем мінез.Осы нәрселер өне бойыңыздан табылғанда ғана сіз дұрыс орта,айқын мақсат,үлкен армандарға қол жеткізе аласыз.

  Мейлі бағаңыз нашар болсын,ҰБТ дан құлап,ЖОО түспей қалсаңыз да қамықпаңыз,өмірден баз кешпеңіз.Нағыз өмір енді басталады.Өзіңіз қалаған мамандықты оқыңыз.Грант үшін қаламайтын мамандығыңызға бас сұқпаңыз.Ол өміріңіздегі ең қате шешім болады.

  Мынандай әдемі сөз бар ғой:"өмірде үш нәрседен қателеспеу керек:жар таңдаудан,дос таңдаудан,мамандық таңдаудан".Ең үлкен таңдау осы жылы сіздердің қолдарыңызда тұр!Сен де көпшілік құсап өз таңдауыңнан бас тартпа!