Білім мен ғылым қуған талапкерлердің мекені

Білім мен ғылым қуған талапкерлердің мекені
жеке
блог

Білім мен ғылым қуған талапкерлердің мекені

       Елбасы «ХХІ ғасыр – Қазақстанның алтын ғасыры, біздің ұрпақтарымыз алтын ғасырда өмір сүреді»,- деп аса көрегендікпен, зор сеніммен айтқан болатын. Мен өзімді осы алтын ғасырдың алтын ұрпағы санайтын жалынды жастардың бірімін. Мақсатым айқын, болашаққа деген, өзім деген сенімім мол. Асқақ армандарым, алға қойған мақсаттарым мені биікке жетелейді.

      Сол арманым мені ҚазҰУ-ға әкелді. Бүгінгі күні бакалавр дәрежеде алу үшін білім алудамын. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Университет жоғарғы білікті мамандарды даялауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндіруші негізіне ие.

        Университеттің факультеттерінде беделді ғылыми мектептер шоғырланған, олар: экономика және бизнес, механика-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті.

       Мен білім алып келе жатқан Саясаттану және философия факультетінің өмірімдегі алатын орны ерен. Қазақстанның болашақ үздік әлеуметтік сала қызметкерлерін даярлауда «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы орасан зор жұмыстар атқарып жатыр, осы аталмыш кафедрасынан ұшқалы отырған түлекпін. Кафедраның оқу үдерісі отандық бай салты бар жоғары мектеп пен шетелдік тәжірибе алу негізінде қалыптасқан. Нәтижесінде студенттер әлеуметтік жұмыс мамандығы жайлы әлеумдік жаңа беталыстармен таныса алады. Бүгінде ҚазҰУ – Қазақстан болашағы – бәсекеге қабілетті білікті кадрлар мен қуатты білім және ғылым ордасы!

Смағұл Біржан

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Философия және  саясаттану факультеті.

Әлеуметтік жұмыс мамандығының 4 курс студенті