Мен ҚазҰУ-ға қалай түстім?

Мен ҚазҰУ-ға қалай түстім?
жеке
блог

Мен 4-ші сыныптан бері армандадым,өз қаламдағы Əл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университетінде оқуды.Əрине,түсу қиын болды,ҰБТ,емтихандар-өте көп дайындық пен ұйқысыз түндерді талап етті. "Еңбектің наны тəтті"-демекші мен қазір осы қара шаңырақтың студентімін.Қуанышым əлі де қойныма сыймайды,себебі бұл оқу орны-еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының шыңында тұрған университеттің бірі. 180 мамандық иелерін даярлайтын университетіміз бүгінде әлемнің ең таңдаулы оқу орындарының бірі əрі бірегейі.Мен білім алып жүрген ұстаздар-кезінде Мұхтар Əуезов,Темірбек Қожекеев сынды ғұламалардан дәріс алған. ...Білім,ғылым,келешек.Университетіміздің басты ұстанымы осы.Келешектегі арманым-осы қара шаңырақты бітіріп,жақсы маман иесі болу,халқыма адал əрі игі істермен көрінуі! Мен үшін теңдесі жоқ бұл оқу орны-мен жазып қалдырар тарихымның бірінші бетінде тұрары сөзсіз..