Хат

Хат
жеке
блог

 

Бір адамға алыс жерден хат келіпті. Кімге көрсетсе де хаттың жазуын ешкім танып оқып бере алмапты. Сол кездері Ақшехір қаласының қадиі ауырып, Қожанасырды қади сайлаған екен. Қожанасыр үйінен шығып, қызметіне кетіп бара жатса, әлгі адам қуып жетіп:

- Қожеке, мына хатты оқып бере қойыңызшы. Өзіңіз   болмасаңыз ,
ешкім оқи алмады, - дейді.

Қожа хатты ашып қараса арабша жазылған екен, түсінбейді.

- Мына хат арабша жазылған екен, арабша білетін біреуге оқыт, -
дейді.

Бұл жауапқа әлгі адам ренжіп :

- Қап, бәрекелді-ай! Өзің Қожасың, оның үстіне сені қаланың қадиі
етіп сайлады. Өзіңнен
ұялмасаң да   ана басыңдағы бұлғар түбегіндей
болған сәлдеңнен ұялсаң етті. Бір хатты оқып бере алмадың- ау! — деп
кейиді.

Қожа да қызып кетіп, басындағы сәлдесін шешіп, ана кісінің басына кигізе қояды:

- Ал! - дейді.- Керемет осында тұрса өзің-ақ оқи ғой !